Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов, Қытайдың «Shandong Huake Semiconductor Research Institute Co. компаниясының басқару төрағасы, Shandong Hi-Speed Group өкілі Тянь Сзинлянмен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – өзара ынтымақтастықты орнату және алдағы жобаларды жүзеге асыру.
Кездесу барысында компания өкілдері тарапынан Өзбекстанда жоғары дәлдіктегі цифрлық интеллектуалды датчиктер мен чиптерді жасау және бұл өнімдерді шет елдерге экспорттауды көздеп отырғаны айтылды.
Сондай-ақ, кездесуде шетелдік серіктестер тарапынан Республикадағы басқа да қолданыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде, кездесу соңында екі тараптың өкілдері өзара тиімді жобалармен жұмыс істеуге келісті.