Ағымдағы жылдың 14 январынан бастап республикамыздың аумағында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылу электр станцияларындағы жанылғымен қамтамасыз ету проблемалары, яғни жанармай тапшылығы және түрлі ақаулар пайда болғаны, сондай-ақ республика тұтынушыларын тұрақты электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Ауғанстанға электр энергия жеткізіп беру уақтыншалық тоқтатылған еді. Осы форс-мажорлық жағдай туралы Ауғанстанның энергетика ұйымы ескертілген.
Министрліктің ескертуінше, Өзбекстанда өндірілген және ішкі тұтынуға арналған электр энергиясы экспортталмайды.
Үкіметаралық келісімге сәйкес, жүзеге асырылған электр энергиясын импорттау операциясының бір бөлігі Ауғанстанға (қол қойылған келісімшарттарға сәйкес) экспортталады.