Өзбекстандық қолөнершілер Үндістандағы ең ірі қолөнершілік фестиваліне қатысуда

    Мәдениет 22 Mart 2022 2076

    Осы жылғы 19 мартта Үндістанның Харьяна штатындағы Фаридабад қаласында дәстүрлі “Surajkund International Crafts Mela-2022” халықаралық қолөнершілер фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

    Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі, «Хунарманд» бірлестігі және еліміздің Үндістандағы елшілігімен бірлесе отырып, аталмыш фестивальға Өзбекстан «ынтымақтақтас мемлекет» ретінде қатысуда.

    Дерлік 35 жылға жуық уақыттан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан фестиваль дәстүріне сәйкес көрме алаңының орталық бөлігі «ынтымақтас мемлекет» - Өзбекстан павильонына арналған. Бұл павильон ұлттық мәдени құндылықтарымыз рухында безендіріліп, Өзбекстанның түрлі ұлттық қолөнер бұйымдары қойылды.

    Павильонда Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдни мұра министрлігі тарапынан «Tourism & Travel Information» бүрышы ұйымдастырылған, еліміздің әлеуеті мен қолөнершілік дәстүрлерін бейнелейтін баннерлер орын алған.

    Салтанатты шараға сөзге шыққан Үндістанның ресмилері Өзбекстан мен Үндістан арасындағы тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалап, фестивальға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

    Атап айтқанда, Харьяна штаты премьер-министрі Манохар Лал Суражкунд қолөнершілік фестивалі 1987 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, бүгінгі күнде келіп шарада әлемнің әр түкпірінен қолөнершілер, мәдениет және өнер шеберлерінің қатысуын Харьяна штаты үшін ерекше мақтаныш екенін білдірді.

    Үндістан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстардың ежелгі, бай, өзара жақын және берік екенін айта отырып, біз Өзбекстан мен Харьяна арасындағы “G2G” және “B2B” байланыстарын дамыту, сонымен қатар H2H (heart to heart) “өзара көңіл қатынастарын” байланыстарды нығайтуға дайынбыз», - деді ол.

    Харьяна штаты басшысы аталмыш фестивальде Өзбекстанның «ынтымақтас мемлекет» ретінде қатысуы оның үнді халқы екі апта бойы өзінің бай мәдениеті мен дәстүрлі қолөнерін, өнерін, музыкалық мұрасын, сондай-ақ туристік әлеуетін көрсетуге тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Өзбекстанның Үндістандағы елшісі Дилшод Ахатов Үндістан үкіметі мен Харьяна үкіметіне шараға «ынтымақтас мемлекет» статусымен қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Фестиваль Өзбекстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына, көктемгі Наурыз мерекесін және Үндістан халықтарының ұлттық мерекесі Холи фестивалін тойлаудың рәміздік мәні екені атап өтілді.

    Фестиваль Ферғана облысы мен Харьяна штаты арасындағы тікелей ынтымақтастықты орнату мен дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Қатысушыларға биылғы жылдың май айында Бұхарада өтетін бірінші Халықаралық кесте тоқу және зергерлік бұйымдар фестивалі туралы да мәлімет берілді.

    Ашылу салтанатына қатысқан мыңнан астам көрермен Хорезм облысының ұлттық би-сазды ұжымы орындаған ән мен биді ыстық ықыласпен қарсы алды.

    “Surajkund International Crafts Mela-2022” фестивалі 19 марттан 4 апрель аралығында өтеді және екі апта ішінде 1 миллионнан астам қонақтың келуі күтілуде. Биылғы фестивальге 30-дан астам шет мемлекеттер мен Үндістанның барлық дерлік штаттарының өкілдері өздерінің қолөнер бұйымдарымен қатысады, деп хабарлайды Өзбекстанның Үндістандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates