Төрт дарынды жастан құралған Өзбекстан құрама командасы 55-Халықаралық химия олимпиадасына (ИЧО-2023) қатысуға аттанды.
Олардың үшеуі Агенттік жүйесіндегі мектептердің оқушылары, деп жазады Мамандандырылған білім беру мекемелері агенттігінің ақпараттық қызметінің хабарында.
Құрама команданың құрамында:
Махмудов Абдуллох – Ташкент қаласындағы 81-мектептің 10 сынып оқушысы;
Дилмуродов Сохибжон – Ташкент қаласындағы Президент мектебінің 10-сынып оқушысы;
Хакимова Шахзода – Ташкент қаласындағы Әбу Әли Ибн Сина атындағы мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы;
Назаров Азизбек – Ташкент қаласындағы Әбу Әли Ибн Сина атындағы мамандандырылған мектептің 11-сынып оқушысы.
Халықаралық химия олимпиадасына 87 елден 400-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде.