Кездесуде елдеріміз аумақтарында «VFS Global» офистері тармағын кеңейтю болашағы талқыланды.
(Ескерту: VFS Global – көптеген мемлекеттер үшін виза өтініштерін қабылдауда көмекші қызметтерді ұсынатын компания.)
Ұжымдық топтардың өтініштері бойынша компания қызметкерлердің жылжымалы қабылдау механизмін іске қосуға келісті. Бұл қызмет ақылы негізде көрсетіледі және шалғай аудандардан келген өтініш берушілерге Ташкент пен Самарқант қалаларындағы орталықтарға бармай-ақ визалық көмек алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Өзбекстан азаматтары үшін республикада дипломатиялық өкілеттіктері болмаған елдерге (соның ішінде Канада, Аргентина, Австралия және т.б.) визаны рәсімдеу тәртіп-қағидаларын жеңілдетуге ерекше назар аударылды.
(Ескерту: өйткені кейбір елдерде Өзбекстанның елшіліктері жоқ. Сондықтан виза алу үшін басқа елге баруға немесе көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді. Мақсат – осы қиындықтарды жеңілдету).
Аккредитациядан өткен консулдықтар болмаған жағдайда визаны рәсімдеу қосымша уақыт пен қаржылық шығындарды талап етеді. Осыған байланысты Өзбекстан тарапы үдерістердің бір бөлігін еліміздің аумағына көшіруге, сонымен қатар «VFS Global» жергілікті кеңселері арқылы биометриялық деректерді тапсыру және онлайн сұхбат өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және Өзбекстан азаматтарына визалық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүдделі екендіктерін растады.
Қосымша ақпарат:
VFS Global – түрлі елдерге визаны рәсімдеу үдерісінде техникалық көмек көрсететін халықаралық жеке компания.
VFS Global-ның негізгі штаб-пәтері Дубайда, Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан. Дегенмен, компания 140-тан астам елде жұмыс істейді және 60 миллионнан астам адамға виза алуға көмектесіп келеді.
Назар аударыңыз : VFS Global елшіліктің немесе консулдықтың орнын баспайды. Ол тек визаны қабылдау, құжаттарды тексеру және биометриялық деректерді жинау сияқты техникалық қызметтерді ұсынады.
Шын мәнінде, виза беру немесе бас тарту туралы шешімді тек елшілік немесе консулдық қабылдайды. Көптеген елдер елшіліктердегі кезектерді азайту, сервисті жақсарту және қауіпсіздікті арттыру үшін осындай жеке компанияларды пайдаланады.









