«Узгидромет» 9 облыста сел-су тасқыны болу қаупі барын ескертті

    Ел назарында 29 Avgust 2023 1915

    Ағымдағы жылдың 30-31 август күндері қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

    Сол себепті, республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында, сонымен ішінде:

    Қашқадария облысы: Яккабог, Дехканабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузор аудандарында;

    Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсой, Денов, Байсын, Шерабад, Шорчи, Құмқорған, Музробот аудандарында;

    Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Бұлынғұр, Нұрабад, Қошработ, Каттақорған, Паярық, Жамбай, Иштихан аудандарында;

    Науаи облысы: Хатырчи, Навбахар, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандары;

    Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шароф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;

    Ташкент облысы: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

    Наманган облысы: Поп, Косонсой, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

    Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандары;

    Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалақұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандары мен Ханабад қаласында су тасқыны болуы мүмкін.

    Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтарға, демалушылар мен таулы аймақтарда жүріп жатқан көлік жүргізушілерінен сақтық шараларын сақтау сұралады.