Өзбекстанның әйелдерді қолдап-қуаттауға бағытталған саясаты АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының назарында

    Американың «Diplomat» журналының сайтында «Өзбекстан университеттеріндегі гендерлік айырмашылықты жою» атты мақала жарияланды.

    Онда Президент Шавкат Мирзияев 2022 жылғы март айында 2022-2026 жылдарда еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің барлық саласында әйелдердің белсенділігін арттыру бойынша Ұлттық бағдарлама қабылданатынын мәлімдегені атап өтілген.

    «Бағдарлама жоғары оқу орындарында, техникумдар мен колледждерде оқитын әйелдердің оқу келісімшарттарын төлеуге 7 жылдық пайызсыз білім беру несиелерін беру, мемлекеттік жоғары оқу орындарының магистратурасында оқитын барлық әйелдерге қайтарымсыз келісімшарт төлемдерін беруді көздейді, шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша —50 әйелге, магистратурада оқитын 10 әйелге әр жылы «Эл-юрт умиди» қоры арқылы қосымша гранттар бөліп баруды көздеген», - деп жазады басылым.

    Мақалада бұл іс-шаралардың барлығы жоғары білім алатын әйелдерді қаржылай қолдап-қуаттауға бағытталғаны атап өтілген, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    «Көптеген әйелдерді университет дәрежелерін алуға үндеу — бұл қажет кездегі дұрыс қадам», - деп жазады «Diplomat». Қазірде елімізде жоғары оқу орындарының санын көбейту тиімді болды. Жоғары оқу орындарының саны көбейген сайын білімді әйелдердің үлесі де өсті. 2016 жылы республика бойынша әйелдердің 5,6 пайызы ғана жоғары білімді болса, қазір бұл көрсеткіш 17,7 пайызды құрап отыр».