Кипир Республикасының жетекшісі шетелдік дипломаттардан сенім грамоталарын қабылдау рәсіміндегі сөйлеген сөзінде жаңа елшілерді шынайы құттықтап, оларға өз міндеттерін жүзеге асыруда сәттілік тіледі, сондай-ақ екі және көп жақты қарым-қатынастарды дамытуда елеулі үлес қосытынына сенім білдірді.
Кипр Республикасының Президенті Өзбекстанмен қарым-қатынастың келешегі туралы айтты. «Өзбекстанмен екіжақты, сондай-ақ Еуропа Одағы аясындағы ынтымақтастық байланысты дамытуға ерекше көңіл бөлеміз», - деді Президент Никос Христодулидис.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылы 30 майда орнатылған.
Абат Файзуллаев Өзбекстанның Кипрге тағайындалған алғашқы елшісі болды. Ол 2023 жылдың октябрь айында Өзбекстанның Италиядағы елшісі лауазымына тағайындалды.