“Ookla” компаниясының Speedtest.net сервисі 2021 жылы май айының нәтижелері бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Онда Өзбекстанның мобильді интернет жылдамдығы жақсарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Ақпарат технологиялары және коммуникацияларын дамыту министрлігінің ақпарат қызметі.
Айтуынша, бір жыл ішінде Өзбекстан сымды интернет жылдамдығы бойынша 1,5 есеге (53,2 пайызға) өскендігі айтылды, яғни 26,45 Мбит/с. ден
( 2020 жылы май жағдайына қарағанда) 40,54 Мбит/с. дейін (2021 жылы май жағдайына қарағанда).
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша да жақсы көрсеткіштер атап өтілді, яғни үстіміздегі жылдың май айы нәтижелеріне қарағанда, Өзбекстан тағы төрт сатыға көтерілді. Соңғы жылдарда елімізде мобильді интернет жылдамдығы 11,26 Мбит/с. ден (2020 жылы май жағдайына қарағанда) 18,56 Мбит/с. дейін өсті (2021 жылы май жағдайына қарағанда). Бір жыл ішінде осы көрсеткіш 64,8 пайызға көтерілген.