ЮНИСЕФ пен Ішкі істер министрлігі балаларды онлайн зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ынтымақтастықта жұмыс жасайды

    Қауіпсіздік 8 Fevral 2022 1922

    Ғаламдық деректерге сүйенсек, интернетті пайдаланушылардың үштен бірі 18 жасқа толмаған балалар болса, әрбір жарты секунд сайын бір бала интернетке алғаш рет кіреді.

    Әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын балалар мен жасөспірімдер саны күн сайын артып келеді. Өзбекстан да бұдан тыс қалмайды. СОВИД-19 пандемиясы бұл үдерісті жеделдетіп, балалар мен ересектерді бұрын-соңды болмаған интернетте көбірек уақыт өткізуге мәжбүр етті.

    Интернетті дұрыс пайдаланса және оған әркімнің қолынан келетін болса, ол бүкіл әлем бойынша мүмкіндіктерді кеңейтіп, шығармашылықты ынталандыруы мүмкін. Дегенмен, бұл мүмкіндіктер балалар үшін түрлі формадағы қауіп-қатермен де байланысты болуы мүмкін. Олардың қатарында кибер қорқыту, кибер қудалау, кибергруминг, яғни жаман ниетте балалармен достық қарым-қатынас орнату болып табылады.

    Дүние жүзінде 8 февральда атап өтілетін Қауіпсіз Интернет күнінде ЮНИСЕФ пен Ішкі істер министрлігінің Киберқауіпсіздік орталығы балаларды онлайн зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында ынтымақтастықты бастады. Шараға Парламент мүшелері, Олий Мажлистің бала құқығы бойынша өкілі, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы баспасөз қызметі.

    «Интернеттті пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту және ақпарат алудағы теңсіздікті азайту барлық балалар мен жастардың табысқа жетуі үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Өкінішке орай, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Интернет онлайн желіден теріс пайдалану және жалған ақпарат таратуға да байланысты. Сондықтан интернетте де, шынайы өмірде де зорлық-зомбылықпен күресудің ең жақсы жолы – осы мәселелерді шешуге жүйелі көзқарас», - деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілі Мунир Мамедзаде. - «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешу бойынша ата-аналардың білімі мен дағдыларын жетілдіру, балалардың хабардарлығын арттыруды, әлеуметтік қызмет көрсету және балаларды қорғау саласындағы кадрлар әлеуетін арттыруды, сондай-ақ күшті заңдылықты және институционалдық базаны, соның ішінде деректерді жинау мен басқару жүйесін талап етеді», — деп айтты ол.

    «Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың дүниетанымы күн санап өзгеруде. Оның басты себептерінің бірі – олардың заманалық ақпараттық коммуникацияларды белсенді пайдалануы, әлемде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтардан тез хабардар болуы айтылған. Осыған байланысты, тұрғындардың көпшілігі жастар болып табылатын біздің елімізде оларға қарсы киберқауіптердің алдын алу және онымен күресу маңызды», - деді ІІМ Киберқауіпсіздік орталығының басшысы Бехзод Мамаджанов.

    Интернетте және шынайы өмірде балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресудің келесі қадамдары ретінде қатысушылар кеңсеаралық ынтымақтастықты жақсартуды, азаматтық қоғам ұйымдарының белсенді қатысуын, ата-аналар мен мамандардың балаларды қолдап-қуаттау және онлайн қауіптерден қорғау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруды ұсынды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates