Парламент сұрауының нәтижелері талқыланды

    Ел назарында 26 May 2022 1862

    Үстіміздегі жылдың 25 майында Олий Мажлис Сенатының Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдарындағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитеттің кезекті жиналысы өтті.

    Комитет мәжілісінде сенаторлар, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды.

    Атап айтқанда, Интернет әлем ақпарат желісінде жастар мен кәмелетке толмағандар үшін ұлттық контентті дамыту, олардың әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті мен зиянды ақпараттардан қорғау мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жіберген парламент сұрауы нәтижелері ең алдымен қаралды.

    Соңғы жылдары ғаламтордың ғаламдық ақпараттық желісі арқылы жастардың өміріне қауіп төндіретін, олардың рухани санасына кері әсер ететін ақпараттық шабуылдардың алдын алу бағытында оң жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды.

    Атап айтсақ, жастарды, әсіресе, балаларды зиянды ақпараттан қорғау, осы саладағы қатынастарды реттеу мақсатында «Балаларды олардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Өзбекстан Республикасының Заңы қабылданды.

    Интернет әлемдік ақпарат желісінің «UZ» доменінде пайдалы ағарту және тақырыптық веб-ресурстарды жасау мақсатында жалпы 572 стартап-жоба жарияланған.

    Пайдалы веб-ресурстарды, Интернет-жобаларын, мобильді қосымшалар мен бағдарламаларды жасайтын авторлар мен бағдарламашылардың санын көбейту, жастардың бағдарламалау тілдеріне қызығушылығын арттыру мақсатында «Бір миллион бағдарламашы» жобасына жастардың қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

    - Бүгінгі таңда барлық аудан және қалаларда заманауи компьютерлермен жабдықталған жалпы саны 205 цифрлық технологияны оқыту орталықтары (IT-орталықтары) құрылған.

    • дегенмен, сенаторлар парламент сұрауы нәтижелерінде көптеген сауалдарға толық жауап ала алмағаны атап өтілді. Сондай-ақ:

    - ұлттық әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді, ақпараттық-коммуникациялық бағдарламаларды жасауда озық шетелдердің тәжірибесін үйрену және олардың жақсы жақтарын ұлттық тәжірибеге енгізу істері атқарылмаған;

    - жастар мен кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетін заманауи веб-ресурстарды қалыптастыру, сондай-ақ Өзбекстанның тарихын, мәдениетін және өнерін ақпарат кеңістігінде насихаттауға қолдау көрсету жұмыстары бүгінгі күннің талабына сай емес;

    – білім беру ұйымдарында медиасауаттылыққа үйрету, ақпараттық манипуляциямен күресуге бағытталған арнайы әдістемелік құралдар әзірленбеген және енгізілмеген.

    Сонымен қатар, мектеп дейінгі тәлім-тәрбие мекемелері мен жалпы білім беретін бастауыш сынып оқушыларына арналған телефондардың, компьютерлердің және күнделікті өмірде жиі қолданылатын басқа да құрылғылардың пайдасы мен зиянын көрсететін бейнероликтер мен көрнекі құралдарды әзірлеуге және енгізуге жеткілікті көңіл бөлінбеген.

    Жиналыста «Мемлекеттік әкімшілік пен басқару органдары қызметінің ашықтығы туралы» Өзбекстан Республикасы Заңының Туризм және мәдени мұра министрлігі тарапынан атқарылуын үйрену қорытындалыр талқыланды.

    Сенаторлар министрліктің, оның құрылымдық және аумақтық басқармаларының ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы кемшіліктерін сынға алды.

    Атап айтқанда, министрліктің 2021 жылға арналған қызметі туралы есеп 1 апрельге дейін жұртшылықтың қатысуымен талқылау үшін баспасөз конференция өткізілмеген, министрліктің қызметі туралы ақпарат бекітілмеген, оның қызметі туралы ақпарат алуға қатысты сұрауларды қараудың жалпы нәтижелері туралы ақпарат жарияланбаған, өз қызметіне қатысты ақпараттар ақпарат-кітапхана және мұрағат қорларына ұсынылмаған, ресми веб-сайтты жүргізу істері назардан тыс қалған.

    Сондай-ақ кейбір ашық деректер ресми веб-сайтта және Ашық деректер порталында (data.egov.uz) жарияланбаған.

    Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік сатып алушыларды іс жүзіне асыратын тұлғалар тарапынан тікелей келісімшарттар бойынша сатып алатын тауарлар, лауазымды тұлғалардың іссапарлары, бекітілген жылдық қаражаттары сметасы, автотранспорт сатып алу және сақтау қаражаттары, жылжымайтын мүліктер, бекітілмеген жарты жылдық және (немесе) жылдық жұмыс жоспары, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа бағдарламалардың жүзеге асырылуы, Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк қорғауындағы материалдық мәдени мұра нысандарының иелерi туралы мәлiметтер жарияланбаған.

    Сенаторлардың айтуынша, Қарақалпақстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі, Хорезм және Бұхара облыстары Туризм және мәдени мұра бас басқармасының заңдылық құжаттарында белгіленген міндеттерді орындамағанын атап өтті.

    Мәжіліс соңында Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates