Интернет және әлеуметтік желілерде жастарды зиянды ақпараттан қорғау мәселесі талқыланды

    Болашақ ұрпақ 4 Fevral 2022 3309

    Сенаттың жиырма үшінші жалпы мәжілісінде Интернет әлем ақпараттық желіде жастар мен кәмелетке толмағандарға арналған ұлттық контентті дамыту, олардың әлеуметтік желілерді пайдалану және зиянды ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Министрлер Кабинетіне депутаттық сауал жолдау мәселесі қаралды.

    Статистикаға сүйенсек, елімізде қазіргі уақытта “Facebook” желісінде 4,7 миллион, “Instagram” желісінде 3,7 миллион, “LinkedIn-те” 288 мың, “Telegram” да 18 миллион, “Одноклассники-де” 16,7 миллион, “Twitter-де” 51,6 мың және “В-контакте-де” 2,6 миллион пайдаланушы бар, олардың көпшілігін жастар құрайды.

    Соңғы уақытта «бұқаралық мәдениет» деген желеумен жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетін моральдық азғындық пен зорлық-зомбылық идеяларын тарату, түрлі жолдармен байлық жинау, ұлттық-рухани мәдениетті менсінбеу, оларды өзгерту және кейбір жағдайларда жоюды насихаттайтын әрекеттер орын алуда.

    Интернет желілері арқылы тарап жатқан зиянды ақпараттар, түрлі бұзушы идеялар, әдеп-ақылақты жоятын індеттер тұрғындарды алаңдатып отыр.

    “.UZ” доменіндегі веб-сайттарда ұлттық менталитетімізге жат болған, тұрғындардың, сонымен қатар жастардың санасына, психикасына, рухани-ағартушылық тәрбиесіне кері әсерін тигізетін азғындық, ұятсыздық, порнография, қатыгездік, зорлық-зомбылық, құмар ойындар мен тәуекелге негізделген ойындарды насихаттауға қызмет етуі мүмкін болған материалдар немесе веб-ресурстарға сілтемелерді орналастыруы (пайдаланушылардың) қадағалануда.

    Тек 2021 жылдың декабрь айындағы жағдай бойынша ұлттық домен аймағындағы 289 веб-сайтта порнографиялық, ал 91 веб-сайтта ұятсыздық пен азғындықты насихаттайтыны анықталып, 2 097 заңбұзушылық жағдайы тіркелген.

    Сондай-ақ әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде рухани азғындықты насихаттайтын 130-ға жуық топ, парақшалар мен арналар бар екені, оларда 2646 материал (фото, видео, мәтін және т.б.) таратылғаны анықталды.

    Бұдан тыс, мәдениет саласында болып жатқан оқиғаларды талдауда көрсеткеніндей, көркем фильмдерде, жарнамаларда (оның ішінде көшедегі баннерлер), музыка мен клиптерде тек ақша, байлық, мәдениетсіздік насихатталады. Кей жағдайда ұлттық руханиятымызға мүлдем жат көріністер мен сахналық қойылымдар көрсетіледі.

    Сондықтан оқушылардың санасына кері әсерін тигізетін азғындықты, діни өшпенділікті насихаттайтын контентпен, тәуекелге негізделген онлайн ойындармен, тотализаторлармен, отбасылық құндылықтарды жоққа шығаратын және қоғамдағы деструктивті идеяларды насихаттайтын веб-ресурстармен күресу ортақ әрі үстем міндет екені айтылды.

    Мәжілісте сенаторлар Интернетте әлем ақпарат желілерінде жастар мен кәмелетке толмағандарға арналған ұлттық контентті дамыту, олардың әлеуметтік желілерді пайдалануынан және зиянды ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Министрлер Кабинетіне парламенттік сауал жолдау туралы қаулы қабылдады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates