Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуын күшейту іс-шаралары талқыланды

    Ел назарында 19 Iyun 2022 2008

    Үстіміздегі жылдың 17 июнь айында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаковтың төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) жұмыс істеу жөніндегі Кеңсеаралық комиссияның жиналысы өтті.

    Шара барысында Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуы барысы және ағымдағы жылдың 21-22 июні күндерінде өтетін Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмысшы тобының кезекті жиналысына дайындық барысы сыни тұрғыдан қаралды.

    Еліміздің ДСҰ-ға кіруі Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму Стратегиясының экономикалық басымдықтарының бірі екені атап өтілді. Осы орайда бұл міндетті жүзеге асыруда тиісті министрліктер мен кеңселердің білімді де білікті кадрларының жоғары әлеуетін пайдалану қажеттігі баса айтылды.

    Шарада көпжақты және екіжақты келіссөздер бойынша Жұмысшы тобының алдағы жиналысына дайындықтың барысы туралы ақпарат тыңдалды, оның ішінде бұрын ұсынылған Нақты қорытынды, техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және басқа да құжаттардың алдағы талқылауына арналған мәліметтер тыңдалды.

    Тиісті министрліктер мен кеңселердің басшыларына Жұмысшы тобының 5- жиналысын және келіссөздерді сапалы әрі жан-жақты дайындау бойынша мақсатты тапсырмалар берілді.

    Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі алдағы іс-шараларға дайындықты үйлестіріп, жүйелі түрде бақылап отырады.

    Жиналыс соңында Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмысшы тобының 5- жиналысына қатысу үшін жіберілген Келіссөздер тобының әрбір мүшесінің міндеттері, оның ішінде Ұйымға кіру және көшу жөніндегі келіссөздер үдерісін жандандыру шаралары қарастыру, сондай-ақ келесі кезеңге, яғни Жұмысшы тобының Есеп жобасын қалыптастыруға өту сынды міндеттер белгіленді деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates