Ресей президентінің жарлығына сәйкес, 2025 жылдың 5 февралынан бастап ел аумағында Ішкі істер министрлігі жүргізетін Бақыланатын тұлғалардың реестрі жұмыс істей бастады.
Осы реестрге миграция заңдылығы саласында әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған шетел азаматтары енгізіледі.
Осы нормативтік құжатқа сәйкес, реестрге енгізілген шетелдіктер Ресейден шығып кетуі немесе 2025 жылғы 1 январынан 30 апреліне дейінгі кезеңде өздерінің құқықтық жағдайын шешу үшін өздері жасап тұрған жердегі Ресейдің ІІМ-нің аумақтық органына немесе “ПВС” (паспорттық-визиялық қызмет) федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының филиалына жүгінуі шарт.
Сондай-ақ Мәскеу қаласында орналасқан шетелдіктер үшін «Сахарово» көп функционалды миграция орталығына жүгінуі талап етіледі.
Ресей тарапы амнистия мерзімінде осы жарлыққа сәйкес шетел азаматтарына қатысты елден шығару, арнайы қамауда ұстау мекемелеріне орналастыру, кейіннен оларды аумағына кіруді шектеуге байланысты шаралар қолданылмайтынын айтуда», - дейілген елшіліктің хабарында.
Бақыланатын тұлғалар реестріне енгізілген шетелдік азаматтарға мыналарға тыйым салынады:
жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу және тіркеуден өткізу;
некеге тұру;
заңды ұйымды немесе фирманы құру және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту;
банктік есеп-шоттарды ашу және банк операцияларын жүргізу;
көліктерді жүргізу.
Бұл ретте, мамалакат аумағында заңсыз жүрген кәмелетке толмаған шетелдік азаматтарды оқу орындарына (мектептер мен балабақшаларға) қабылдау мүмкін болмайды.
Азаматтар өздерінің құқықтық мәртебесін Ресей Ішкі істер министрлігінің ресми веб-сайтында тексере алады.