Яғни, соңғы жылдары ветеринария саласына ауыл шаруашылығы жүйесінің төменгі буыны ретінде ғана емес, экономиканың драйвер бағыттарының бірі ретінде назар аударыла бастады. Нәтижесінде бұл сала эпизоотикалық және эпидемиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, халыққа тұрақты қызмет көрсететін экономикалық тартымды бағыт ретінде көріне бастады.

Жануарлардан адамға жұғатын аурулармен күресудің жаңа тәсілдері, жабайы құстардың миграциясы нәтижесінде кіріп келетін аурулардың қаупін азайту бойынша тәжірибелер, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін халық дастарханына қауіпсіз жеткізудің мықты жүйесінің жаратылғаны еліміздің бұл көрсеткіш бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында көшбасшы болуын қамтамасыз етті.

Елімізде ветеринариялық білім беруді дамыту, оны бір мезгілдің өзінде тәжірибеге интеграциялау, халықаралық стандарттарды ұлттық жүйеге енгізу, әсіресе, Халықаралық қаржы институттарының жеңілдетілген қаражыларын тарту және болашақ гранттық жобалар бойынша тәжірибелер халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Яғни, Парижде өткен Дүниежүзілік Жануарлар денсаулығы ұйымы ассамблеясының 92-сессиясында мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың ветеринария саласына көрсетілген назары, жасалған мықты тәжірибелік жүйеге ерекше тоқталып, халықаралық ұйымның басшысы Эммануела Субейран ханым Өзбекстанның ветеринария саласындағы жүйесі мен тәжірибесі әлем елдеріне болашағы зор бағыт деп ұсынылды.

Конференция барысында Эммануэлла Субейран ханым Президентіміздің осы салаға деген назарын жоғары бағалап, Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитетінің төрағасы Бахром Норқабиловқа «Қызметтері үшін» медалін тапсырды.

Айта кету керек, бұл сыйлық бірінші рет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы бір елге тапсырылуы.

Бұл мойындау еліміздің ветеринария саласындағы халықаралық аренадағы беделі мен әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.