Шараға Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева қатысты.
Сенат Төрайымы өз сөзінде соңғы жылдары елімізде барлық салаларда терең де жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқанын, әсіресе, еңбек қатынастарындағы өзгерістер мен мәжбүрлі еңбекті жоюдың тарихи маңызы бар екеніне тоқталды.
Конференцияда 2024-2025 жылдары “Better Cotton Initiative” тарапынан жүзеге асырған негізгі реформалар – сертификаттау жүйесіне толық өтуі, регенеративті ауыл шаруашылығы стандарттарының жаңа деңгейге көтеруі, BCI-ның жаңартылған лейблингін енгізу және Өзбекстандағы тәуелсіз мониторинг нәтижелері ұсынылды.
Шарада атап өтілгендей, «Cotton Campaign» халықаралық коалициясының өзбек мақтасына болған бойкоттың алып тасталуы Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың халықаралық деңгейде мойындауларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ Өзбекстан мен халықаралық серіктестер арасындағы қарым-қатынастар «мониторинг және бақылау» кезеңінен «толық сенімге негізделген серіктестік» кезеңіне өткені атап өтілді.
Елімізде әр жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы, Кәсіподақ ұйымы Федерациясы, тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен ауқымды мониторинг жүргізілуі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Сенат Төрайымы Өзбекстанның BCI, халықаралық ұйымдар, ірі әлемдік брендтер, сертификаттау институттарымен ынтымақтастық тұрақты түрде кеңейіп жатқанын атап өтті.
Бұл ретте, салада ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілгені, кластерлерге жаңа мүмкіндіктер жасалғаны айтылды.
Атап өтілгендей, бұл өзгерістер кластарлардің “Даладан дайын –өнімге дейін” толық тізбек негізінде тиімді қамтамасыз етіп, Өзбекстанның әлемдік базарға интеграциясын айтарлықтай деңгейде нығайтуда.
BCI сертификаты Өзбекстан ұлттық тоқымашылық бұйымдарының әлемдік базарға кіріп келуі және әлемдік брендтермен ынтымақтастық мүмкіндіктерді одан да кеңейтетіні баса айтылды.
Конференция соңында қатысушы тараптар арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға және алдағы қызмет үшін «жол картасына» қол қойылды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.








