Мемлекет басшысы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді

    Билік 31 May 2022 4737

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 31 мамырда халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті.

    Бүкіл әлемде азық-түлікпен байланысты шектеулер және бағаның өсуі күн сайын күшейіп келеді. Әлемдік нарықта бидай 50 пайызға, өсімдік майы 33 пайызға, қант 14 пайызға, май 47 пайызға қымбаттады. Әрине, бұл біздің елдегі бағаға да әсер етеді. Мәселен, мамыр айында Қашқадария мен Наманган облыстарында картоп, ұн, қант қымбаттаған.

    Сондықтан жиында негізгі азық-түлік өнімдерін көбейту, оның ішінде құс пен мал шаруашылығын ұлғайту мәселелері талқыланды.

    Арзан, құнарлы және тез өсетін өнім - құс еті мен жұмыртқа. Алайда, көптеген өңірлерде құс еті халықтың сұранысына сай өсірілмейді. Бұл бағыттағы 50-ден астам ірі кәсіпорын жартылай қуатпен жұмыс істеп тұр. Оларды азық-түлікпен, оның ішінде бидаймен қамтамасыз етуде қиындықтар бар.

    Осы мәселені шешу үшін нақты шаралар белгіленді. Атап айтсақ, 1 маусымнан бастап құс фабрикаларына бидай сатып алуға 400 миллиард сум «револьверлік» несие бөлінеді. Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік қоры арқылы несие кепілінің 50 пайызына кепілдік беріліп, 17 пайыздан астамы өтеледі. Сондай-ақ құс фабрикаларына айналым қаражатын несиелендіру мерзімін ұзарту ұсынылды.

    Жиында құс өнімдері нарығын талдау және жобаларды дұрыс орналастыру, өндірістен бастап сатуға дейінгі барлық үдерістерді цифрландыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Үй тауықтарын кооперативтік азықтандыру да тиімді. Мәселен, Нурабад ауданында кәсіпкерлер инкубатор таратып, тұрғындармен бірге құс және жұмыртқа өсіруді қолға алған болатын. Бүгінде бұл өнімдер ауданнан асып, Самарқанд қаласы мен көршілес аудандарға жеткізілуде.

    Жиында бұл тәжірибені кеңейту, құс фабрикаларын белгілі бір махаллаларға қосу, тұрғындарды құс шаруашылығы бойынша оқытуды ұйымдастыру керектігі айтылды. Мұндай шаруа қожалықтарына отбасылық кәсіпкерлік бағдарламалары негізінде әрбір махаллаға 200 миллион сум жеңілдетілген несие беріледі. Олар осы қаражат есебінен халықты тауық етімен, жем-шөппен қамтамасыз етеді.

    Мал шаруашылығы халық қажеттілігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды сала болып табылады. Азық-түлік түрлерінің көпшілігі осы салада өсіріледі.

    Осы жылдың 8 ақпанында «Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және жем-шөп базасын нығайту шаралары туралы» Президент Жарлығы қабылданған болатын. Осыған орай, мал шаруашылығына төленетін субсидия еттің әр килограммы үшін 2000-нан 4000 сумға, сүттің литріне 200-ден 400 сумға дейін көтерілді. Импорттық ауыл шаруашылығы техникасы барлық төлемдерден босатылған. Салада 170 миллион доллар жеңілдетілген несие желісі ашылды. 200 мың гектардан астам мақта және астық алқаптарына азық-түлік дақылдарын егу жоспарланды.

    Бүгінгі жиында бұл тұрғыда өңірлер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Атап айтқанда, егіс алқабындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Әндіжан, Бұхара, Ферғана, Хорезм облыстарында мақта-тоқыма кластерлері 18 мың бас ірі қараға арналған 35 мал шаруашылығын құрды. Алайда Сұрхандария, Самарқанд, Сырдария, Қашқадария, Наманган, Жызақ және Ташкент облыстарындағы 70 кешеннің іске қосылуы кешіктіріліп отыр. Тұрғындар үйлерінде де кооперативтік ет-сүт өндіру де жүйеленбеген.

    Сондай-ақ, мақта мен астық орнына ауыспалы дақылдар егетін 200 мың гектар аумақ жөненде де жұмыс әлі нақты жоспарланбаған.

    Сондықтан вице-премьерге әр ауданда ауыспалы егістерді нақты бекітіп, ұйымдастыру, шаруаларды жоғары өнімді тұқыммен қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте мал шаруашылығы фермалары мен шаруашылықтарға ветеринариялық қызмет көрсету аясын кеңейтудің маңыздылығы айтылды.

    Халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолдау шаралары белгіленді. Атап айтқанда, ет, балық, сүт өнімдері, жеміс-жидек, өсімдік майы сынды азық-түліктің 22 түрі ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін кедендік баж салығынан босатылып, бұл мерзім 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Сондай-ақ азық-түлік импортына жоғарылатылған тарифтерді қолдануды тоқтатылады. Мемлекеттік сатып алуда азық-түлік импортына қойылған шектеулер уақытша алынып тасталады.

    Монополияға қарсы комитетке нарықтағы бәсекелестікті қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу тапсырылды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates