Атап айтсақ, «Ең белсенді қатысушы, ұлттық рухта стендтерді безендіру, көркем қойылымдар мен жүзім сұрыптарының дәстүрлі емес көрсетілімі» аталымы үшін Наманған облысы облыстар арасында бірінші орынды жеңіп алса, аудан және қалалар арасында Аққорған ауданы бірінші орынды иеленді.
Облыстар арасында Ташкент пен Бұхара облыстары екінші және үшінші орындарды иеленсе, аудандар мен қалалар арасында Піскент пен Бостандық аудандарына несіп болды.
Бұдан тыс шарап жасаудың инновациялық тәсілі бойынша 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға марапаттар тапсырылды.
Фестивальға Өзбекстандағы жүзім шаруашылығы және шарап жасау өнеркәсібі саласының өкілдері, Италия, Сербия, Ресей, Оңтүстік Корея, Сингапур, Беларусь, Грузия, Әзербайжан сияқты 30-дан астам елден ғалымдар, сарапшылар мен саланың көрнекті өкілдері қатысты.
Шарада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, шарап өнеркәсібінің халықаралық бренд компанияларының көрмелері, жүзім шаруашылығы саласындағы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. «Жүзім сейілі» мәдени бөлімінде ұлттық фольклорлық ұжымдардың, эстрада әртістерінің өнер көрсетулері, номинациялар бойынша республикалық байқаулар, қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдар мен киімдер, сондай-ақ халықтық салт-дәстүрлер дәріптелген көрмелер өткізілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі. .