Сапар аясында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Парламентаралық Одақтың Төрайымы Тулия Эксон ханыммен кездесу өткізді.
Онда Парламентаралық одақпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Сұхбат барысында соңғы жылдары еліміздегі экономикалық даму, әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдіріліп жатқанын және адам құқықтарының үстемдігін қамтамасыз етудегі реформаларды Т. Эксон ханым ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттары бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар және осы бағытта Өзбекстан Парламентінің атқарып жатқан істері атап өтілді.
Сонымен қатар, Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Өзбекстанда болып өтетін Парламентаралық одақтың 150-ассамблеясының бағдарламасы, іс-шараның жоспарлары мен жаңа жобалары да талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.