Бұл туралы ВВС хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің оңтүстігінде орын алып, ірі су тасқыны үлкен шығын әкелген. Арекипа облысында су деңгейінің жоғарылауына байланысты қамалып қалған тұрғындарды эвакуациялау үшін Ми-17 тікұшағы пайдаланылды. Операция кезінде ұшақпен байланыс үзілген.

Апатқа ұшыраған тікұшақтың сынықтары дүйсенбі, 23 ақпанда Чала аймағының маңынан табылды. Оның бортында 11 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Құрбан болғандардың жетеуі – балалар, ең кішісі – үш жасар қыз. Перу билігі қазір апаттың себебін анықтап жатыр.

Ұшақ апатынан басқа, аймақтағы су тасқыны кем дегенде екі адамның өмірін қиды: қатты ағыс салдарынан әйел көз жұмды, ал ер адамды найзағай соқты, деп хабарлайды korrespondent.net.