Қаулыға сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап:

піллә өсірушілерге (жібек құртын бағып, үйде жұмыс істейтіндерге) «махалла жетілігінің» алқалы шешімі негізінде жібек кластері нақты піллә үшін төлеген қаражаттың 35 пайызы мөлшерінде субсидия бөлінеді;

Орман және жасыл аумақтарды көбейту, шөлейттенуге қарсы күрес агенттігінің (Орман агенттігі) балансындағы жерлерде ұйымдастырылатын тұт ағашы плантацияларында піллә кооперативін құру мақсатында осы кооперативтің мүшесі болатын кедей отбасыларға (бір отбасының бір мүшесіне тек бір рет) 4 млн сумнан субсидия беріледі;

жібек құртын өсіруге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін үйде жұмыс істейтіндерге 3 жыл мерзімге базалық есептік мөлшердің 50 есесіне дейін пайызсыз қарыз беріледі;

тұқым шаруашылығы кәсіпорындарына жібек құртының тұқымдарын дайындау жұмысына тартылатын әрбір маусымдық жұмысшының айлық жалақысының 50 пайызы, бірақ ең төменгі жалақының 2 есесінен аспайтын бөлігі өтемақы ретінде төленеді.

Жібек кластерлеріне салықтық жеңілдіктер беріледі

Қаулыға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін:

жібек кластерлерінің піллә өсіру және сақтау үшін пайдаланылатын ғимараттары мен құрылыстары мүлік салығынан, сондай-ақ олар иеленетін жер учаскелері жер салығынан босатылады;

жібек шаруашылығынан алған табысы есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы табысының кемінде 70 пайызын құрайтын кәсіпорындарға пайда салығы 2 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

жібек матасы мен жібектен дайын өнім шығаратын кәсіпорындар үшін әлеуметтік салық 1 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін жібек құртының тұқымдарын дайындау және піллә өсіру бойынша маусымдық жұмыстарға тартылған тұрғындардың осы қызметтен алған табысы табыс және әлеуметтік салық салу объектісі ретінде есептелмейді.

Жібек шаруашылығында жемшөп базасы нығайтылады

Қаулыға сәйкес, тамшылатып суару жүйесін енгізу шығындары үшін жаңадан құрылған тұт ағашы плантацияларының әрбір гектарына Аграрлық саладағы төлемдер агенттігі тарапынан 8 млн сумға дейін субсидия беріледі.

Аумағы 2 гектар және одан үлкен тұт плантацияларды вертикалды суару ұңғымаларын бұрғылау және іске қосу, каналдар мен басқа су көздерінен су тарту үшін насос станцияларын және су құрылыстарын жаңадан салу немесе реконструкциялау шығындарының 100 пайызы, бірақ 150 млн сумнан аспайтын мөлшерде субсидия бөлінеді.

Қолданыстағы тұт плантацияларын Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі, облыстар мен аудандар әкімдіктері тарапынан алып қоюға және олар орналасқан жер учаскелерінің жер қоры санатын өзгертуге қатаң тыйым салынады.

2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін “pillachilik.uz” электрондық платформасы іске қосылады.

Бұл платформада қолданыстағы тұт плантацияларының жер аумақтары, піллә өсіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың тізімі, мақсатты көрсеткіштер мен жасалған келісімшарттар, жібек құрты тұқымдарының таратылуы, піллә өнімін қабылдау үдерістері көрсетіліп отырады.

Сонымен қатар, платформа аясында піллә өсірудің агротехникалық ережелері туралы оқу құралдары мен медиаконтентті қамтитын мобильді қосымша әзірленеді.