Форумда Өзбекстан делегациясын Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев, ал Словения делегациясын Словения Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Тани Фаён басқарды.
Делегация басшылары құттықтау сөзінде екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар өзара сауда қарым-қатынастарды жандандырып келе жатқанын, бұл орайда іскер топтардың белсенді ынтымақтастығы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Өткен жыл барысында көлемі 40 пайызға жуық өскен сыртқы сауда айналымының оң динамикасы атап өтілді. Бұл көбіне Өзбекстанның «GSP+» преференциялар жүйесінің бенефициары мәртебесін алуының арқасында мүмкін болды.
Сыртқы саудадағы көрсеткіштерді арттыру мақсатында тараптар екі елдің іскер топтары үшін қажетті қосымша жағдайлар жасап беру мәселелері бойынша келісті. Қол жеткізілген келісімдер бизнес-форум барысында қол қойылған Өзбекстан мен Словения арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімде өз көрінісін тапты.
Сонымен қатар, тұсаукесер және іскер топ өкілдері арасындағы пікірталас барысында автомобильжасауды, құрамдас бөлшектерді, металл бұйымдарды, гидравликалық турбиналарды, сорғыларды, фармацевтикалық өнімдерді бірлесіп өндіру бойынша серіктестік қатынастарды орнату болашақтары талқыланды.
Мал шаруашылығын, бау-бақша және тұқым өсіруді дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін агроөнеркәсіп кешенін құру, сондай-ақ Словенияның Mercator Group ірі сауда желісі филиалының Өзбекстандағы қызметін ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Шара соңында қатысушылар Өзбекстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, берік іскерлік байланыс орнатуға, біріккен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Форум «B2B» және «G2B» келіссөздерінің сессиясымен жалғасты, онда тараптар жаңа инвестициялық жобаларды жасау және елдеріміз арасындағы іс жүзіндік ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға және дамытуға бағытталған берік сауда байланыстарын орнату бойынша пікір және ұсыныстармен алмасты, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.