Астанамызда Қарақалпақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңының қабылданғандығына 35 жыл толғанына орай мерейтойлық шара өтті

    Ең алдымен, Жазушылар аллеясында бой көтерген қарақалпақтың ағартушы ақыны Бердақтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның өлеңдері оқылды.

    Өзбекстанның халық ақыны Сирожиддин Сайид жиналғандарға мерекелік құттықтауды оқыды.

    Содан соң негізгі мерекелік шара Өзбекстан Жазушылар ұйымының мәжіліс залында жалғасты. Оған жазушылар мен ақындар, ғалымдар, қалың жұртшылық өкілдері қатысты. Шараға Жазушылар ұйымының төрағасы, халық ақыны Сирожиддин Сайид, Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту департаментінің басшысы Нодиржон Холбутаев, Жазушылар ұйымының төрағасының шығармашылық істері жөніндегі бірінші орынбасары — Пердабой Нажимов, Низомиддин Махмудов, Боходир Каримов шарада сөз сөйлеп, қарақалпақ тілінің бай тарихы, әдебиетінің өзіндік жетістіктері, көркемдік деңгейі туралы пікір білдірді.

    Қарақалпақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын тілдердің бірі; қазақ және ноғай тілдерімен бірге қыпшақ тілдерінің қыпшақ-ноғай тобын құрайды. Негізінен Қарақалпақстанда, сондлай-ақ Хорезм, Науаи, Бұхара облыстарында және Қазақстан мен Түркіменстанның көршілес аумақтаныда, Ресей Федерациясы мен Ауғанстанда таралған.

    1989 жыл 1 декабрь — Қарақалпақстан тарихындағы маңызды даталардың бірі. Осы күні қарақалпақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген.

    Мәлімет ретінде айта кетейік, қарақалпақ жазуы да дәл өзбек жазуы сияқты бірнеше кезеңдерді басынан өткізген. Ол 1928 жылға дейін араб әліпбиі негізінде жазылған, кейін латын әліпбиіне өтті. 1940 жылы кириллицаға, 1994 жылы қайтадан латын әліпбиіне көшті.

    Бүгінгі таңда қарақалпақ тілін байытуға мемлекеттік саясат деңгейінде көңіл бөлінуде.

    Атап айтсақ, қарақалпақ тілі жаңа оқулықтар мен дағдылар, көркем кітаптар баспадан шығарылып жатқаны, ғылыми конференциялар мен тағы басқа шаралардың ұйымдастырылып жатқаны, Ибройим Юсупов атындағы қарақалпақ тілі мен әдебиеті пәнін терең үйретуге мамандандырылған шығармашылық мектептердің ашылғанын айту мүмкін. Сонымен қатар Жазушылар аллеясында қарақалпақ ақын-жазушыларының мүсіндері де орнатылған.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates