Астанамызда «Tashkent Travel March-2024» халықаралық туризм көрмесі аяқталды

    Ағымдағы жылдың 30 октябрінде Ташкент қаласында Туризм комитетінің қолдауымен Жекеменшік туризм ұйымдары бірлестігі тарапынан ұйымдастырған «Tashkent Travel Mart-2024» екі күндік Халықаралық туризм көрмесі аясында В2В форматындағы іскерлік кездесулері өтті.

    Оларда Орталық Азия елдері, Мысыр, БАӘ, Малайзия, Ресей, Грузия, Түркия және тағы басқа елдердің 66 туризм ұйымының өкілдері әлеуетті серіктестерімен тікелей байланыс жасау, бірлескен жобаларды талқылау мен біріккен келісімшарттар жасауға мүмкіндік болды. Жалпы алғанда, B2B қатысушылары 2000-нан астам келіссөздер жүргізді.

    Іскерлік кездесулерге халықаралық туроператорлардың, қонақүйлердің, әуе компаниялардың, саяхатшылық ассоциациялары, сақтандыру компаниялары, отбасылық қонақ үйлері, IT платформалардың өкілдері қатысты.

    Көрменің алғашқы күні Өзбекстандағы сирек кездесетін туризм өнімдерін дамытуға және туризм мен қонақжайлылық секторын цифрландыруға арналған «TRAVELHUB Uzbekistan» конференциясы өтті. Қатысушылар туризмнің халықаралық аренадағы деңгейін нығайту және бизнес жүргізу тәсілін өзгертетін инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін белсенді түрде талқылады.

    «Tashkent Travel Mart-2024» көрмесі Өзбекстан мен бүкіл Орталық Азияның туризм индустриясын дамытуда маңызды оқиға болды. Бұл халықаралық байланыстарды нығайтты, аймақтың бай мәдени мұрасын паш етті және қатысушыларды ең жаңа тенденцияларымен, технологиялармен таныстырды. Екі күн ішінде көрмені 1500-ден астам адам тамашалады, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.