Өзбекстан Президенті Әлеуметтік даму жөніндегі Дүниежүзілік саммитке қатысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 4 қараша күні Доха қаласында өтіп жатқан Әлеуметтік даму жөніндегі екінші Дүниежүзілік саммитке қатысты.

    Айтулы шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Сани, БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Анналена Бербок, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің төрағасы Лок Бахадыр Тхапа, сондай-ақ мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Өз сөзінің басында Мемлекет басшысы форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, жаһандық әлеуметтік дамуға арналған маңызды алаң саммиттің дәл Доха қаласында өтуі символдық мәнге ие екенін атап өтті.

    Президентіміз соңғы жылдары Қатардың әлеуметтік инклюзивтілік пен жедел даму орталығына айналып келе жатқанын айтып, бұл ел халқын қол жеткізген жетістіктерімен шынайы құттықтады.

    Мемлекет басшысы бүгінде әлемдік қауымдастық пен ұлттық үкіметтер әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру жолында бірлесе әрекет етіп жатқанын айтты. Өзбекстан, өз кезегінде тұрақты дамуға бағытталған барлық халықаралық форматтар мен бастамаларды үнемі қолдайтынын жеткізді.

    Кейінгі жылдары Жаңа Өзбекстанда «Адам қадір-қасиеті үшін» қағидатына сүйенген, әлеуметтік әділеттілік орнаған және халықтың мұқтаж топтары сенімді қорғалатын әлеуметтік мемлекет құру жолында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

    – Кейінгі жылдары кедейлік деңгейін 35 пайыздан 6,6 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Біз бұл бағыттағы реформаларды одан әрі жалғастырамыз, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы жаһандық әлеуметтік әділет пен тұрақты дамуды нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс пен бастамалар ұсынды.

    Кедейлікке қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару қажеттігі атап өтілді.

    – Дамушы елдердің әлеуметтік бағдарламаларына қаржылық ресурстарды кеңінен тарту мақсатында кедейлікке қарсы күрестің жаңа қаржылық архитектурасын құратын уақыт келді деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Осыған байланысты кедейлікті азайту және әлеуметтік теңсіздікті қысқартуға нақты қолдау көрсететін Жаһандық әлеуметтік әділет қоры құрылсын деген ұсыныс жасалды.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу үшін заманауи механизмдерді енгізудің маңызын атап өтті.

    Атап өтілгендей, жоғары технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлем бойынша миллиондаған жұмыс орындарының қысқаруына соқтыруда. Мұндай жағдайда қызметкерлерді қолдау және әлеуметтік серіктестік қағидаттарын нығайту үшін мемлекет, бизнес және қоғамның белсенді ынтымақтастығының ерекше маңызы бар.

    Президентіміз «Әлеуметтік жауапкершілік және лайықты еңбек жөніндегі жаһандық бастаманы» әзірлеу ұсынысының қолдау табарына үміт білдірді.

    Баршаға білім алу мүмкіндіктерін кеңейту әлеуметтік мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарының бірі екені атап өтілді.

    Эксперттердің есептеулеріне сәйкес, сауатсыздықтың жылдық экономикалық зияны 1,4 триллион АҚШ долларына тең.

    Бұл, Президентіміз атап өткендей, жастардың қоғамда және еңбек нарығында өз орнын табуын қиындатады, әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.

    Мемлекет басшысы кеше өткен Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянстың бірінші отырысында қабылданған шешімдерді Өзбекстан толық қолдайтынын атап өтті.

    Альянстың болашақ саммиттерінің бірін Өзбекстанда өткізу және білім мәселелерін күн тәртібінің негізгі тақырыбы ретінде белгілеу ұсынылды.

    Еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерін жүйелі қорғау қажеттігіне ерекше мән берілді.

    Өзбекстан Халықаралық еңбек ұйымы және Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп, Ташкент қаласында мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау бойынша халықаралық форум өткізуге және осы салада жаһандық бағдарлама қабылдауға дайын екенін жариялады.

    Президентіміз климаттың өзгеруінің әлеуметтік өмірге әсері артып келе жатқанын атап өтті. Экстремалды ауа райы жағдайлары, шөлдену және биологиялық әртүрліліктің жойылуы, ең алдымен, халықтың әлсіз топтарына – фермерлерге, маусымдық жұмысшыларға, экологиялық жағдайы күрделі аймақтарда тұратын адамдардың өміріне теріс әсерін тигізіп отыр.

    Климаттың өзгеруіне қарсы күресті жұмыспен қамту бағдарламаларымен үйлестіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет екені баса айтылды.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан БҰҰ тарапынан экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жарияланған Арал теңізі маңы аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың жаңа моделін іске қосуды жоспарлап отырғанын, бұл тәжірибені әлем қауымдастығымен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

    Саммитте қабылданған қаулылардың бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға үміт сыйлайтыны, тұрақтылық пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенім білдірілді.

    – Халықаралық даму жолында әлеуметтік келісімді жаңарту, әрбір адам үшін лайықты өмір салтын құру – біздің басты парызымыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Соңында Өзбекстан Президенті саммитте қабылданған Доха саяси декларациясын толық қолдайтынын және оның барлық принциптерін өмірге енгізуге дайын екенін растады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates