Президент Әндіжан облысына келді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев өңірлердің дамуы және халық тұрмысымен танысу мақсатында 15 сәуір күні Әндіжан облысына келді.

    Аймақтың бүгінгі қарқынды дамуы алғаш қадам басқаннан-ақ — әуежайдан көрініс тапты. Елдегі көлік инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Әндіжан халықаралық әуежайы да қайта құрылып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда.

    Сапар барысында Мемлекет басшысына әуежайдың жаңғыртылуы туралы мәлімет берілді.

    1978 жылы пайдалануға берілген бұл әуежай заманауи стандарттарға сәйкес келмей қалған болатын. Ұшу-қону жолағының жүк көтергіштігі төмен, заманауи жарықтандыру жүйесінің болмауы рейстерді қабылдауға кедергі келтіріп келген.

    Қазіргі таңда қайта құру жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Ұзындығы 3 300 метр, ені 60 метр болатын жаңа ұшу-қону жолағы, жүру жолақтары және ұшақ тұрағы салынды. Дренаж жүйесі жаңартылып, жер асты сулары шығарылды. Сонымен қатар, екінші жүру жолағын салу, сондай-ақ IКAO CAT-II санатындағы радар, метеорологиялық және жарықтандыру жабдықтарын орнату жұмыстары жалғасуда.

    Нәтижесінде, Boeing мен Airbus тәрізді ірі ұшақтарды, ауа райы қолайсыз кезінде және түнгі уақытта да қабылдау мүмкін болады. Бұл күнделікті рейстер санын он есеге дейін арттыруға жол ашады.

    Келесі, екінші кезеңде жолаушылар терминалын жаңадан салу көзделген. Осы арқылы жолаушыларға қызмет көрсету қуаттылығы сағатына 300-ден 1 мың адамға дейін, ал жылдық рейстер саны 584-тен 3 700-ге дейін өседі. Бұл Әндіжан қаласы мен бүкіл Ферғана өңіріне бағытталған әуе қатынасының артуына сеп болады.

    Қазіргі таңда бұл әуежайда Ташкент – Әндіжан – Ташкент бағытындағы рейстер орындалуда.

    Мемлекет басшысы бұл жерде басқару тиімділігін арттыру, қызмет бағаларын төмендету, сондай-ақ жергілікті және халықаралық рейстер санын көбейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Жалпы алғанда, ел аумағында әуежайларды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Соңғы жылдары Самарқанд, Термез, Үргенч, Шахрисабз, Мойнақ, Қоқан және Зомин әуежайлары жаңартылды. Тағы бірнеше облыстарда да модернизациялау жұмыстары жалғасуда.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates