Онда Қарақалпақстан Республикасы және облыс басшылары, 208 аудан мен қала әкімдері, олардың орынбасарлары, банктер мен ауданның өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы халықтың жақсы өмір сүруге ұмтылып жатқаны, оларға қаражат пен қолдау көрсетіп, табыс көзін жасау керектігін айтты.

– Кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, кедейлікті жоюға қыруар қаржы бөліп жатырмыз. Неліктен «махалладағы жетілікті» ұйымдастырдық және неліктен кедейшілікті жою жүйесін үйлерге алып кірдік? Мақсатымыз – енгін егіп, үйде өндіріс жасап, көшеде қызмет көрсетуді көбейту арқылы әр сотық жерден 1-2 миллион сум пайда табуға үйрету, – деді Мемлекет басшысы.

Бірақ Сайхунабадта нәтиже ондай емес. Ауданда ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция жүйесі дұрыс жұмыс жасамай, кәсіпкерлік дамымай отыр.

Сондықтан Сырдария облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сайхунабад ауданының әкімі және басқа да бірқатар басшылар қызметінен босатылды.

Жиында Сайхунабад ауданы мысалында өңірлердегі проблемалар мен пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер көрсетілді.

Атап айтқанда, мемлекет банктерге үлкен ресурстар бөліп отыр. Өткен жылы Сайхунабадқа махалладағы кәсіпкерлік үшін 120 миллиард сум берілген. Аудан кәсіпкерлері өткен жылы 85 миллиард сум салық жеңілдіктерін алды.

Бірақ мұның нәтижесі соған жараса емес. Жеке секторда құрылған ресми жұмыс орындары бар болғаны 968-ге ғана өскен. 2023 жылы ауданда 167 жаңа кәсіпкер пайда болса, оның жартысы әлі жұмысын бастамаған.

Банктер тек қайтаруды ойлап оңай жолмен ресурстарды тұрақты клиенттеріне беріп жатыр. «Мен де кəсіпкер болайын, махаллада жұмыс орнын ашайын» дейтін қарапайым халық тасада қалып жатыр. Оларға кедейлікті жоюдың дайын жобасы берілмей тұр.

Сайхунабадта өткен жылы өнеркәсіп көлемі де өспеген. 19 махалладан 16-сында жоғары қосымша құн тудыратын өндіріс жоқ. Инфрақұрылымы дайын 16 ғимарат пен нысан сатылмай тұр. Шикізат дайындау, барын қайта өңдеу, халықты өнім өндіруге үйрету, кооперация жасау деген бастамалар жоқ.

Ауданның ең үлкен қоры да, мүмкіндігі де – жер. Сайхунабад халқының жер учаскесі 20 сотықтан астам болған 26 ауданның бірі. Шаруашылықтарда негізгі дақылдар жүгері мен жоңышқа болып тұр. Жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрін өсіріп, табыс тауып, экспорт жасау жолға қойылмаған.

Сайхунабадтың 19 шақырымынан «Сырдария» ағып жатқандықтан, «су тегін» деген ұғым қалыптасқан. Жерлердің 22 пайызында ғана су үнемдеу технологиясы енгізілген. Күріш фермер қожалықтары лазермен тегістелмеген. Каналдарды бетондау жоспарының толық орындалмауы салдарынан 9 махалладағы 5 мың гектар жерге су аз барып жатыр.

 

Жиында осы мәселелерді шешу, жұмыссыздықты азайту шаралары талқыланды.

Ең алдымен, Сайхунабадтағы 17 мың үйдегі егінді жерді іске салу, шағын өнеркәсіп пен қызметтерді жолға қою арқылы халықты табысты ету міндеті қойылды. Осы мақсатта банктер әкімнің көмекшілерімен бірлесе отырып, 19 махалла мен 794 көшені бөліп алып, олардың әрқайсысына «драйвер» бағыты бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлейді.

Сайхунабадта алғаш рет жаңа тәжірибе жүргізіліп, 19 махалланың әрқайсысына бір шағын трактор мен 4 моторлы культиватор беріледі. Алдағы уақытта әкімнің көмекшілері «1 сотық жерден кемінде 1-2 миллион сум кіріс» деген критерий бойынша тұрғындарға бизнес-жоспар әзірлемек. Махалладағы агрономдармен бірге жер жыртып, егіс жұмыстарын жүргізеді. Бұл тәжірибе республика бойынша кеңінен насихатталатын болады.

Шаруашылықта өсірілген өнімді сатып алу жүйесін жолға қою да маңызды мәселе. Осы мақсатта ауданда экспортты қолдайтын кәсіпорын ашылып, оның жарғысына 1 млрд сум салынады. Бұл кәсіпорын 4 мың үй шаруашылыңында жемісті асқабақ, маш, лобия, брокколи, тимьян тұқымдарымен қамтамасыз етіп, өсірілген өнімді сатып алып, экспорт жасайды.

Сондай-ақ, 300 миллион сумнан 1 миллиард сумға дейiнгi грант экспорттаушылар мен махалладан сатып ала бастаған озық кәсiпкерлерге берiледi.

Аудандағы 19 махалланың әрқайсысында 10 үй шаруашылығында үлгілі интенсивті бақ жасалады. Ынтымақтастық негізінде оларға экспорттаушылар қосылып, 2 мың тонналық сақтау, сұрыптау және өңдеу кешендері құрылады. Әрбір үлгілі үй шаруашылығы алдағы уақытта көршілерін де осыған үйретеді. Осы мақсатта облыс әкімі – бау-бақша иесі – банк арасында үш жақты келісім-шарт жасалады.

Жиһаз шығаратын компаниялар үшін терек өсіруге де мүмкіндік бар. Сондықтан аудандағы 98 шақырым каналдар мен су бұру желілерінің айналасындағы 100 гектар бос жер кооперативтік негізде 500 үй шаруашылығына терек егу үшін беріледі.

Сайхунабадта жылына небәрі 60 мың құс етін өндіреді. Бұл өте аз. Сондықтан 4 ірі құс фабрикасы құрылып, 2 мың үй шаруашылығымен кооперация жолға қойылады. Нәтижесінде жыл сайын үй шаруашылығында 10 миллион құс өсіріліп, қосымша 22 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, Сырдария ағып өтетін махаллаларды жасанды су қоймаларын салу, балық өсіруді көбейту, үі шаруашылықтарына ұя таратып, бал экспортын жолға қою міндеттері көрсетілді.

Мал басын көбейтемін деген отбасыларға 400 гектар жер беріледі. Отбасылық кәсiпкерлiк бағдарламасы шеңберiнде мал, қой, ешкi сатып алу үшiн 33 миллион сум жеңiлдiкпен қолма-қол ақшалай несие кепілдіксіз берiледi. Осы арқылы аудандағы 1,5 мың үй шаруашылығында асыл тұқымды мал өсіруге мүмкіндік туады. Мұндай махаллаларды сүт қабылдау бекеттері іске қосылады.

Үй шаруашылықтарында шағын өндірісті ұйымдастыруды қолдау қажет екендігі айтылды. Осы мақсатта аудандағы кәсіпкерлік инфрақұрылымын жақсартуға 60 миллиард сум бөлінеді. Бос тұрған 21 ғимаратқа инвесторлар тартылып, пайдалануға беріледі. «Фаровон» махалласында 35 гектар аумақта шағын индустриялық аймақ құрылып, жалпы құны 100 миллион доллардан кем емес индустриялық жобалар қолға алынбақ.

Мемлекет басшысы өткен жылы Сайхунабадта бірде-бір көпқабатты үй салынбағанына тоқталып, жауаптыларға тапсырма берді.

Жалпы, Сайхунабадтағы әрбір махалла, әрбір көше, әрбір үй осы жүйемен қамтылмақ. Шенеуніктерге осы жаңа жүйені республиканың барлық 9452 махалласына енгізу тапсырылды.

– Биылғы жыл экономикамызда жандану мен өрлеу жылы болмақ. Ол үшін жергілікті шенеуніктер жанқиярлықпен жұмыс істеп, барлығын оятуы керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

Жиында қала әкімдері мен сала басшыларының, экономикалық кешені өкілдерінің, махалла төрағаларының есепбі мен ұсыныстары тыңдалды.