Президент Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери оқу орындарының қызметімен танысты

    Билік 7 Yanvar 2022 4253

    Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияев 7 қаңтар күні Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әскери оқу орындарының қызметімен танысты.

    Ташкент қаласының Юнусабад ауданында Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің «Темірбектер мектебіне» жаңа ғимарат салынды.

    Сапар барысында Мемлекет басшысына әскери-академиялық лицейдегі оқыту жүйесі туралы мәлімет берілді.

    Мемлекет басшысы 2020 жылдың қазан айында осында келгенде және Қауіпсіздік кеңесінің өткен жылғы отырысында еліміздің тарихы мен ата-бабалар ерлігі негізінде жастарға әскери білім мен патриоттық тәрбие беруді жетілдіруді тапсырған болатын.

    «Темірбек мектебінде» оқу осылай ұйымдастырылған. Осы мақсатта бес кафедра ашылды: нақты ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, шет тілдері, психология және білім беру, сондай-ақ кәсіптік және қолданбалы ғылымдар. Оларға ашық конкурс негізінде біліктілігі жоғары мұғалімдер қабылданған.

    Лицей тарих және шет тілдеріне мамандандырылған. Мұнда оқуға деген құштарлық жастар арасында өте күшті. Биылғы оқу жылында 5600 үміткердің ішінен ең білімді 100 адам іріктеліп алынған. Бүгінде 220 оқушы дәріс алуда.

    Президент лингвистикалық, психодиагностика және руханият кабинеттерін аралап көрді. Әмір Темір мұраларды зерттеу орталығында жастармен әңгімелесті.

    – Міне осындай озық мектепте білім алуыңызбен сіздерді және ата-анаңызды құттықтаймын. Жаңа Өзбекстанның қанатысыңдар. Бұл қанат ненің арқасында күшті болады? Біліммен! Кем дегенде екі-үш тілді, нақты ғылымдарды, тарихымызды жетік білу керек. Міне, біз де осы мектепке психологияны енгіздік, сондықтан оны жақсылап оқыңыз. Сіздерде барлық мүмкіндіктер бар, – деді Шавкат Мирзияев.

    Сондай-ақ Ташкент, Нөкіс, Ферғана және Шахрисабз қалаларындағы «Темірбектер мектебі» оқушыларымен бейнеконференциялы байланыс өтті.

    Бейне байланыс арқылы сұхбат барысында осы мектептердің оқушылары арасында руханияттан жарыс өткізу маңызды екені айтылды.

    Мемлекет басшысы лицей кітапханасын да аралап, онда кітап оқып отырған жас жігіттер білім ошағында жасалған жағдай мен студенттер арасындағы достық қарым-қатынас жайлы айтып берді. Олардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар.

    – Елімізде бірде-бір бала назардан тыс қалмайды, барлығының дамуына жағдай жасаудамыз. Тек қана жанкешті, уақытын босқа өткізбейтін, білімін тереңдете білген жастар ғана болашақта жетістікке жетеді. Барлық ұлылық ниеттен, еңбектен келеді, – деді Президент.

    Лицейдің оқу ғимаратында, спорт залы, жатақхана, асхана, медициналық қызмет көрсету орталығында ең заманауи жағдайлар жасалған. Сондай-ақ кешен құрамында әскери жаттығу алаңы, стадион, бассейн, автодром бар.

    Бір айта кетерлігі, «Темірбектер мектебі» Әмір Темір атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі академиясының жанынан бой көтерген. Мұнда студенттер мен оқушылар ортадасында ұстаз-шәкірт, аға-іні болып тату-тәтті өседі.

    Мемлекет басшысы академиядағы жағдаймен де танысты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates