Мемлекет басшысы Бахауддин Нақшбанд кесенесін зиярат етті

    Билік 17 Fevral 2023 4736

    Президент Шавкат Мирзияев Бұхара облысына жасаған сапарында Бахауддин Нақшбанд кесенесін зиярат етті.

    Құран оқылды. Алладан өткендердің рухына және жұрт тыныштығына арнап дұға жасалды.

    - Барлық жерлерге барып, салаларға серпін беріп, мәселелерді шешіп, халықтың көңілінен шығуға тырысып жатырмыз. Біз бүгін Бұқарға жаңа мақсаттар қою, халықтың бірін екі ету үшін келдік. Алла баршамыздың игі істерімізге өзі жар болсын.

    Ғалымдармен әңгімеде діни білімді дамытып, надандыққа қарсы ағартушылықпен күресу керектігі айтылды.

    – Соңғы жылдары барлық салалар сияқты дінге де ашықтық пен еркіндік беріліп, бірнеше ғылыми орталықтар құрылды. Бірақ мұның халқымызға қандай пайдасы тиуде? Мұнда қоғамға жеткізетіндей қызығушылық болуы керек. Бұхари, Матуриди, Марғинани сынды ұлы аталарымыздың мұрасына сүйене отырып, надандыққа қарсы мағрифатпен күресу керек. Ол үшін діни білім беруді тәжірибемен байланыстырып, ғылыми орталықтарымызды әлемде көшбасшы ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates