Өзбекстан Президенті Нөкіс қаласына барды

    Билік 3 Iyul 2022 3951

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 шілдеде Нөкіс қаласына барды.

    Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасының Конституциясын реформалауды талқылау процесі жүріп жатқаны белгілі.

    Шын мәнінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Парламенттің өзі Конституцияға өзгерістер енгізуге құқылы. Оған қарамастан Президент осыған байланысты заң жобасын жалпыхалықтық талқылауда қарап, референдум өткізу арқылы қабылдауды ұсынды.

    Дегенмен, кей жерлерде мәселенің мәнін түсіндіруде түсінбеушілік орын алған. Атап айтқанда, жобада қаралған Қарақалпақстан Республикасына қатысты кейбір нормаларға бір топ адам наразылық білдірді. Соның салдарынан 1 шілдеде Нөкіс қаласының орталық көшелерінде шерулер ұйымдастырылды. Жергілікті мемлекеттік органдардың ғимараттарын заңсыз басып алуға әрекет жасалды.

    Осыған орай Мемлекет басшысы Нөкіс қаласына келіп, Қарақалпақстан Республикасы Жоқорғы Кеңесінің депутаттары және жұртшылық өкілдерімен кездесті.

    Шавкат Мирзияев конституциялық реформалар Отанның бүгінгі және келешек өміріндегі аса маңызды мәселе екенін, көпұлтты халқымыз талқылауларда көптеген ұсыныстар айтып жатқанын атап өтті.

    Тәртіп бойынша жарияланған «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы көпшіліктің талқысына салынады. Оны азаматтардың пікірлері мен ескертулері негізінде Заң шығару палатасы жетілдіретін болады. Содан кейін бұл жоба Өзбекстан Республикасының референдумына шығарылып, азаматтарымыз бұл мәселеге қатысты өз ерік-жігерін еркін дауыс беру арқылы білдіретін болады. Осыдан кейін ғана Өзбекстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар заңды күшіне енеді.

    – Бұл процесс жаңартылған Конституциямызды жетілдіруге қанша уақыт қажет болса, сонша уақытқа созылады. Бұл тұрғыда біз тек халқымызбен ақылдаса отырып жұмыс істейтін боламыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Халық үкіміне ұсынылған бұл Конституциялық заң жобасы әлі қабылданған жоқ, тек қоғамдық талқылауға шығарылды. Сондықтан, Мемлекет басшысы Қарақалпақстанның өзіне тән этникалық-мәдени ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды, ерекше құқықтық статусты ескере отырып, жобада Қарақалпақстан Республикасының құқықтық статусына қатысты нормаларды өзгеріссіз қалдыру қажеттігін атап өтті. Яғни, Конституцияның 70, 71, 72, 74, 75-баптары өзгеріссіз қалады.

    – Қайталап айтамын: өзбек пен қарақалпақ халықтарының арасындағы бауырмалдық, өзара сыйластық пен мейірімділік, бірлігімізді сақтау, елімізде орнаған тыныштық пен тұрақтылық атмосферасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Конституциялық реформаларымыздың басты мақсаты да осы. Біз міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды бірге құрамыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Республикадағы барлық реформалар мен талқылаулар демократия мен құқықтық өлшемдер негізінде жүзеге асырылатыны айтылды.

    Дәл қазіргі кезде бейбітшілік пен тыныштықты, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға әрекет еткен әрбір азаматқа заң аясында қатаң шара қолдану, «Заң - үстем, қылмыс жазасыз қалмайды» қағидасын қолдануды қамтамасыз етуге күш пен мүмкіндіктің жеткілікті екендігі баса айтылды.

    Президент барша отандастарымызды түрлі арам пиғылды шақырулар мен әрекеттерге бой алдырмай, ынтымақтасуға, саналы әрекет етуге шақырды.

    Жиналыста Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңеси депутаттары, қоғам өкілдері сөз сөйлеп, халқымыздың бірлігін қолдады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates