Бұл мекеме былтыр мемлекет бюджетінен 50 миллиард сум қаржыға салынған. Ол 504 орынға ие және 5-11-сыныптар аралығында нақты және жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытуға арналған. Мектепке облыстың барлық қалалары мен аудандарынан оқушылар емтихан негізінде қабылданады.
Мектеп-интернатта 60-тан астам оқу және компьютер кабинеттері, шет тілі сыныптары, зертхана бар. Сондай-ақ, 222 орындық жатақхана, асхана, спорт залы заманауи үлгіде жабдықталған.
Мемлекет басшысы мұнда ұстаздармен сұхбаттасты. Мектептің жоғары сыныптары мен университет бағдарламалары арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету, қайталанатын сабақтарда жастардың уақытын алмастан көп тәжірибеге бағыттау жөнінде тапсырмалар берілді. Жалпы, мектептерге білім, тәрбие, руханият жағынан жаңа атмосфера әкелу керектігі айтылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әндіжанда салынып жатқан «Әмбебап» спорт кешенінде болды.
Қазір төрт мың көрерменге арналған жабық зал салынған. Онда бірнеше спорт түрінен жарыс өткізуге болады. Атап айтқанда, биыл күзде футзалдан әлем чемпионатының кейбір кездесулері осында өтеді.
Үлкен кешенде бассейн, дәмхана, мейрамхана да болады. Атақты спортшылардың шеберлік мектептері үшінде де жағдай жасалады. Жаттығулар спорт федерациялары мен жоғары оқу орындарымен байланысты жүргізіледі.
Кешенді тиімді пайдаланып, заманауи менеджментті енгізу керектігі айтылды.