Президент аяқ киім шығаратын заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысты

    Билік 22 Aprel 2022 5475

    Президент Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына жасаған сапары барысында Қаршы қаласындағы шағын индустриялық аймақта орналасқан «UzShoes» бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Қашқадарияда былғары шикізаты көп екені белгілі. Мемлекет басшысы облысқа осыған дейінгі сапары барысында осы мүмкіндікті пайдаланып, тері өнімдерін өңдеуді жолға қоюды тапсырған болатын. Содан кейін облыста 4 жоба іске қосылды.

    Атап айтқанда, «UzShoes» беларусь кәсіпкерлерімен бірлесіп 6 миллион долларға құрылды. Құрал-жабдықтар мен құрылғылар Германия, Италия, Австрия елдерінен әкелінді. 350 жұмыс орны ашылды.

    Кәсіпорын жылына 500 мың жұп аяқ киім шығаруға қауқарлы. Бүгінде мұнда ерлер, әйелдер және балаларға арналған былғары аяқ киімнің 10 түрі тігіледі. Бұл жоғары сапалы және әдемі өнімдер импорттының орнын басады.

    Бұл ретте Қаршыда тігілген аяқ киімдер Еуропа елдерінің 100-ден астам дүкендерінде сатылуда. Сонымен қатар көрші елдер және Үндістанмен де келісім жасалған.

    Осы кәсіпорынның қызметімен танысқан Мемлекет басшысы аяқ киімнің жасалу барысын көріп, осында жұмыс істейтін қыз-келіншектермен сұхбаттасты.

    Сондай-ақ Президент Қаршы қаласындағы спорттық білім беру бойынша презентацияға қатысты. Спортты дамыту министрі 1 сәуірде жастар арасында бұқаралық спортты дамыту шараларына арналған кеңесте тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап берді. Шенеуніктерге іріктеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарта отырып, оқу бағдарламасын дұрыс құрастыруды тапсырды.

    осылайша Президент Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates