Құрылыс жобаларының презентациясында бірінші Олимпиада қалашығы таныстырылды. Бұл кешен 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын өткізуге арналған. Осыған сәйкес халықаралық спорт федерацияларының талаптарына сай олимпиадалық стадион, жабық және ашық кешендер, су спорты мен ескек есу бассейндері, жаттығу алаңдарының құрылысы жобаланды.
Бүгінгі прецентацияда осы ірі жобаның ұйымдастырушылық және қаржылық аспектілері қарастырылды. Мұнда жауапты азаматтар шетелдік компаниялардың ұсыныстары, құрылыс материалдары мен спорт жабдықтарын жеткізу кестелері туралы ақпарат берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада қалашығын салумен қатар оны тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше көңіл бөлді.
– Ең алдымен жұмыстың нақты жоспарын жасап, сапалы кешен салып, Азия ойындарын жоғары деңгейде өткізу керек. Тағы бір маңызды мәселе - бұл қалашықты кейін қалай пайдалану керек. Сондықтан жарыстан кейін бұл жерді бапкерлерді де, спортшыларды да дайындайтын мекемеге айналдыру керек. Әкімшілік ғимараттарда Спортты дамыту министрлігі мен федерациялар орналасуы мүмкін. Сонда мұнда тұтас спорттық орта болады. Жастарымызға арналған спорт нысандарын салумен қатар, әдістемені дамыту қажет, – деді Шавкат Мирзияев.
Прецентацияда ташкент облысының Паркент ауданындағы туризмді дамыту жобасы да таныстырылды.
Бұл туралы биылғы 22 қыркүйекте өткен халық депутаттары Ташкент облыстық Кеңесінің сессиясында айтылды. Президент өңірдегі туристік мүмкіндіктердің өте жоғары екеніне тоқталып, оны аудандарда пайдалану жөнінде тапсырмалар берген болатын.
Осыған сәйкес «Зеңгіата», «Чиназ», «Ахангаран», «Ангрен», «Паркент» және «Бостандық» аудандарын байланыстыратын «Ташкент облысының алтын сақинасы» құрылуда. Мысалы, Паркент ауданында «Күміскен», «Заркент», «Соқақ» ауылдарының төңірегінде көптеген демалыс орындары бар. Бірақ инфрақұрылым жеткіліксіз болғандықтан қызметтер дамымаған.
Сондықтан бұл үшін жеке бас жоспар жасалды. Жоспарға сай, Паркенттегі туристік аймаққа апаратын жолдар абаттандырылып, электр және ауыз су желілерінің өткізу қабілеті артады. Қараусыз қалған шоқыларға су тартылып, көлеңкелі-салқын жерлер көбейеді. Жалпы, инфрақұрылым мемлекет тарапынан салынып, туризмнің перспективалы аймақтары аукционға қойылады.
Мемлекет басшысы мұның әрі экономикалық, әрі әлеуметтік жоба екеніне тоқталып, инфрақұрылымдық құрылысты жүйелі жүргізетін басқарушы компания құруды ұсынды.
Таныстырылымда Сұрхандария облысындағы Хәкім ат-Термизий кесенесінде зияратшылар үшін қолайлы жағдайды кеңейту жоспары да қаралды.