Мемлекет басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының бейресми кездесуіне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына бақылаушы мәртебесінде қатысады.
Саммиттердің күн тәртібінде бұл көпжақты ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері қаралады. Атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары талданып, алдағы жылға арналған практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасу жоспарланған.