Мемлекет басшысы алдымен Имам Бұхари кесенесіне барды. Құран оқылып, дұға бағышталды.

Қазіргі уақытта кешен қайта салынуда. Мұндағы құрылыс және әрлеу жұмыстары тексерілді.

Сапар барысында Президент ЮНВТО Бас саммитінің ашылуында сөз сөйлейді. Ұйымның бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу өткізіп, туристік көрмемен танысу жоспарлануда.