Мемлекет басшыларының қатысуында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

    Билік 6 Dekabr 2021 4469

    Өзбекстан Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапардың негізгі шараларынан кейін екі ел Президенттері қатысуында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

    Онда Президенттер әрқашанғыдай ашық, сенімді және іскерлік жағдайда өткен келіссөздердің нәтижелеріне қуанышты білдірді.

    Атап айтқанда, келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша көп қырлы, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Сөзінің басында Шавкат Мирзияев Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тағы да құттықтады.

    Соңғы жылдары достыққа, тату көршілікке және стратегиялық әріптестікке негізделген өзбек-қазақ қарым-қатынастарында үлкен өзгерістерге орын алғаны атап өтілді.

    – Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізінде бір-бірін толықтыратын орасан зор әлеуетті пайдалануға ұмтылу жатыр. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, жаңа өсу нүктелерін іздеуді көздеп отырмыз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыты болып табылатын сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелері қанағаттанушылықпен атап өтілді. Биылғы жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымы 40 пайызға дерлік өсіп, рекордтық көрсеткішке — 4 миллиард долларға жетуі күтілуде. Келіссөздер барысында келер жылы тауар айналымын 5 миллиардқа, ұзақ мерзімді перспективада 10 миллиардқа жеткізу мақсаты қойылды.

    Өнеркәсіптік кооперация және өңіраралық кооперация саласындағы келісімдердің маңызы зор. Бұл орайда Қостанайда автокөлік, автобус және ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, Түркістан мен Шымкент қалаларында тоқыма және электротехника өнімдерін шығару сияқты табысты мысалдар бар екені айтылды.

    Өзбекстанда өнеркәсіп, энергетика, химия, құрылыс, банк ісі және басқа салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Сапар қарсаңында іскерлік шаралардың соңында 6 миллиард долларға жуық жаңа инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды.

    – Мұндай көрсеткіштер бұрын-соңды болмаған. Сонымен қатар, барлығы да болашаққа жақсы негіз болатын берік келісімдер, – деді Шавкат Мирзияев.

    Көлік-транзит секторының әлеуетін кеңейту мақсатында «Үшқұдық-Қызылорда» автомобиль және темір жол, «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жүрдек темір жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

    – Бүгінгі күрделі де қайшылықты заманда адамдардың, әсіресе, жас ұрпақтың санасы мен жүрегіне оң әсер ететін мәдениет пен руханияттың маңызы артып келеді, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осыған байланысты келіссөздер барысында Қазақстандағы Өзбекстан жылы мен Өзбекстандағы Қазақстанның жылы бойынша тұрақты түрде іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты. Келесі жылы елімізде тұңғыш Жастар конгресі мен Шығармашылық және ғылыми зиялылар форумы ұйымдастырылатын болды.

    Өзбекстанда сегіз жүз мыңнан астам қазақ тұратыны, ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрді дамытуға барлық жағдай жасалғаны айтылды. Бүгінгі таңда төрт жүзге жуық мектепте қазақ тілінде білім беріледі.

    – Қазақ отандастарымыздың арасында Өзбекстан Қаһарманы жоғары атағымен және басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталғандар, сенаторлар мен депутаттар, министрлер мен генералдар, ірі кәсіпорын басшылары бар екенін мақтан тұтамыз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшылары келер жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының отыз жылдығын кеңінен атап өту бағдарламасын қабылдауға келісті.

    – Осы сапар барысында біз маңызды құжаттар пакетіне қол қойдық. Одақтастық қатынастар туралы Декларация солардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады, бұл біздің сеніміміз бен серіктестігіміздің өте жоғары деңгейге көтерілгенін, бірлесе жұмыс істеп, бір-бірімізді жан-жақты қолдауға дайын екенімізді көрсетеді. Біз екі бауырлас халықтың гүлденуі жолында көп ғасырлық достық, тату көршілік және кең ауқымды ынтымақтастықты нығайтуды табанды түрде қолдаймыз», - деді Өзбекстан Президенті.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасылған келіссөздердің нәтижелеріне қуанышты екенін білдірді.

    Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентін қолайлы уақытта Өзбекстанға сапармен келуге шақырды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates