Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

    Билік 30 Oktabr 2023 3948

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 30 қазан күні Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиевті қабылдады.

    Өзбекстанның ұйымға төрағалығы аясында бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен оның алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.

    Өткен кезеңде Түркі елдерінің көпжақты әріптестігі жаңа қарқынмен дамығанын айта кеткен жөн. Жүзден астам іс-шара өткізілді, практикалық ынтымақтастықтың бірқатар жаңа бағыттары ашылды.

    Сондай-ақ Өзбекстан Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының толыққанды мүшесі болды.

    Кездесу барысында ТМҰ аясында сауда, «жасыл» экономика, инвестициялар, инновациялар, көлік-логистика, туризм, экология, жастар саясаты, Түркі халықтарының мәдени-тарихи мұрасын насихаттау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates