Мемлекет басшылары биылғы ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, 2023 жылға арналған басымдықтарды талқылады. Аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Бүгін, 27 желтоқсанда Шавкат Мирзияев ТМД елдерінің басшыларымен бірге Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік орыс мұражайында болды. Мұнда қонақтар мұражай қорындағы жәдігерлер, өнер туындыларымен танысып, бейресми кездесу өткізді.
Осымен Мемлекет басшысының жұмыс сапары аяқталып, «Пулково» халықаралық әуежайынан Президент отырған ұшақ Ташкентке қарай ұшып кетті.