Сингапур Президенті Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

    Билік 23 May 2023 4827

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 23 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

    Сингапур Президенті Халима Якоб алдымен «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, онда мәртебелі мейман Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.

    Ержүрек батыр, бейбітсүйгіш және еңбекқор, қаһарман халқымыздың құрметіне бой көтерген ұлы ескерткіш – Тәуелсіздік монументі туралы Президент Халима Якобқа айтылды. Өз кезегінде мәртебелі мейман «Жаңа Өзбекстан» саябағында жүргізілген құрылыс жұмыстарын жоғары бағалады.

    Осы орайда ескерткіш төбесінде Хумо құсы бейнеленген кешен туралы қысқаша айта кеткен жөн. Ол 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып салынған. Онда еліміздің көне де бай тарихы және бүгінгі күнмен байланысты маңызды оқиғалар көрініс тапқан.

    Осында Сингапур Президенті Өзбекстанда жұмыс істейтін ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен де кездесті.

    Сингапур басшысының сапары бағдарламасында жоғары деңгейдегі келіссөздер көзделген.

    Саммиттің күн тәртібінен сындарлы саяси диалогты одан әрі дамыту, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясында өзара қолдау көрсету, екі елдің жетекші компаниялары және банк институттарының қатысуымен инвестициялық жобаларға көмек көрсету, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелері орын алған.

    Президент Халима Якоб сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы, Өзбекстан діни конфессиялар жетекшілерімен кездеседі, іскер топтар бизнес-форумының ашылуына және бірлескен білім беру қызметінің тұсаукесеріне қатысады.

    Сонымен қатар, Сингапур Президенті Самарқанд қаласына барып, Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан көне орталықтың бай мәдени, тарихи және өркениеттік мұрасымен танысады.

    Айта кетейік, Президент Халима Якоб Өзбекстанға жауап сапарымен келді. Осы жылдың қаңтар айында Өзбекстан басшысы Сингапурға мемлекеттік сапармен барған еді.

    Биылғы жылдың басынан бері өзара сауда 6 есеге өсті. Сингапур Өзбекстанның ірі инвесторларының бірі. Бүгінде көлік, энергетика, химия және тоқыма өнеркәсібі, қала құрылысы, білім беру және басқа да салаларда жалпы құны 3,8 миллиард долларды құрайтын жобалар жүзеге асырылуда. Парламентаралық алмасулар мен мәдени-гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келеді.

    Сингапур Президенті Халима Якобтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары жалғасуда.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates