Мұндай кездесу алғаш рет 2021 жылдың 20 тамызында ұйымдастырылған еді. Мемлекет басшысының ұсынысымен бұл дәстүрге айналып, бұл дата республикада «Кәсіпкерлер күні» болып белгіленді.
Шара басында Президент Шавкат Мирзиёев кәсіпкерлерді мерекелерімен құттықтап, құрмет пен ізгі тілегін білдірді.
– Кәсіпкерлер қай мемлекетте болмасын үкен күшке ие болған. Өзбекстанда да біз экономиканы дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, кедейлікті азайтуға, аудандарды жақсартуға тырысудамыз. Кім көп үлес қосып жатыр? Кәсіпкерлер! Сіздердің әрқайсысыңыз батырсыздар, жанқиярсыздар. Біз сіздермен мақтанамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Кәсіпкерлік жағдайдың нәтижесінде бұл саланың тұрақты дамып келе жатқаны айтылды. Өткен жылы шағын кәсіпкерлер саны 40 мыңға, орта кәсіпкерлер саны 2 мыңға, ірі кәсіпорындар саны 400-ге өсті. Берілген жеңілдіктерді пайдалана отырып, 155 кәсіпорынның жылдық айналымы бір жылда 100 миллион доллардан асты. Жыл сайынғы шетелдік инвестиция көлемі алғаш рет 10 миллиард долларға жетті.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 18 тамыздағы жарлығына сәйкес, республиканың экономикалық қуаты мен халықтың әл-ауқатын арттыруда үлгі көрсетіп жүрген 44 өзбекстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мерекелік шарада оларға осы атақ, орден және медальдар табыс етілді.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 17 тамыздағы бұйрығына сәйкес 126 озық бизнесмен «Белсенді кәсіпкер» төсбелгісімен марапатталды.