Өткен жылы Президент Дональд Трамппен өткен келіссөздердің АҚШ іскерлік ортасымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге нақты серпін бергені атап өтілді.
Іскерлік кеңестің қызметін қолдау және басым жобаларды жүйелі ілгерілету үшін Инвестициялық платформаны іске қосуға ерекше назар аударылды.
Эксимбанкпен серіктестік бағыттары айқындалды. Оның қатарында ірі өнеркәсіп және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды кеңейту, сондай-ақ жоғары технологиялы жабдықтарды жеткізуді қолдау орын алған.
DFC басшылығымен болған сқхбатта инвестициялық ынтымақтастық механизмдерін нығайту маңызды екені айтылды. Корпорацияның ірі ұлттық және аймақтық жобаларға қатысуы, қаржы нарығы мен энергетика саласын дамыту жөніндегі жоспарлары қолдау тапты.
Өзбекстан Президенті АҚШ тарапын Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен сапар барысында қол қойылған Өзбекстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық платформаны құру туралы келісімшартты алмасу шарасы өтті.