Армения үкіметінің басшысы Мемлекет көшбасшысын Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, оған зор табыс пен бақыт тіледі.

Сұхбат барысында тәжірибелік ынтымақтастық жобаларын ілгерілету үшін Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын және бірлескен іскерлік іс-шараларды өткізудің маңыздылығы атап өтілді.