Үндістанның төрағалығымен өтетін онлайн шараға Бангладеш, Вьетнам, Камбоджа, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд және басқа елдердің мемлекет және үкімет басшылары да қатысады. Жалпы 120 ел делегациясы шақырылған.
Үндістанның G20 төрағалығымен өтіп жатқан саммиттің мақсаты дамушы елдердің мүдделерін ілгерілету және олардың өзекті мәселелерін шешу жолында, соның ішінде экономика, экология, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, адам ресурстарын дамыту, инновациялар, туризм және басқа да салалардағы өзара ынтымақтастықты тереңдету бойынша пікір алмасу және нақты ұсыныстар әзірлеуден тұрады.