Президенттікке кандидат Нарзулло Обломуродов: «Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту - бірінші кезектегі мәселе»

    Сайлау 11 Oktabr 2021 2587

    Өзбекстан Президенті лауазымына Өзбекстан экологиялық партиясынан кандидат Нарзулло Обломуродов Мойнақ ауданының мәдениет сарайында қарақалпақстандық сайлаушыларымен кездесуді бастады.

    Кездесуде кандидаттың Қарақалпақстан Республикасындағы сенімді өкілі Лейла Сейтова Нарзулло Обломуродовтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

    Президенттікке кандидат Нарзулло Обломуродов соңғы жылдары Аралбойы халқының өмір сүру деңгейін жақсарту, адамдардың денсаулығын нығайту және экологиялық мәселелерді шешу және атқарылған қайырлы істерде Өзбекстан Экологиялық партиясының жүзеге асырған істерге тоқталды.

    Климаттың ғаламдық өзгеруі, температураның көтерілуі, Арал теңізінің құрғауы, шөлейттену, теріс метеорологиялық үдерістердің қайталануы, жер мен су ресурстарын тиімсіз пайдалану, биоалуантүрліліктің азаюы, флора мен жануарлар әлемі гендікқорының нашарлауы, көп мөлшердегі өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуы сияқты жаһандық және аймақтық экологиялық проблемаларға әкелді.

    Бұл проблемалар климаттың өзгеруімен болып жатқан жағдайларда айқын көрініп, Өзбекстан үшін қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту үстем міндет саналады.

    Елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, туындаған мәселелерді шешуге және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге қоғамның барлық күштерін біріктіруге бағытталған мемлекеттік саясатты даярлау мен жүзеге асыру талап етіледі.

    Елдің саяси сахнасына жаңа саяси күш ретінде кіріп келгені және Президенттікке бірінші рет үміткер болып отырған Өзбекстанның Экологиялық партиясы бұл жоғары міндетті орындауға қауқарлы.

    «Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты — экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл дамуды енгізу арқылы экономиканың барлық салаларына енгізу арқылы халқымызға және болашақ ұрпаққа лайықты өмір сүру жағдайын және гүлденген қоғамды құру болып табылады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates