Президенттік сайлауы алғаш рет сайлаулар барысында жинақталған ұлттық тәжірибе, озық шетелдік сайлау тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық стандарттарға негізделген Сайлау кодексі негізінде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл сайлау кодексінде Президенттік сайлаудың ерекшеліктерімен қатар саяси партиялар мен олардың кандидаттарының үгіт -насихат жүргізудің түрлері, формалары мен әдістері нақты белгілеп қойылды.
Бұдан тыс, мемлекетіміз тарихында алғаш рет жаңа саяси партия ретінде Өзбекстанның Экологиялық партиясы өзінің саяси құқықтарын жүзеге асыруға және қатысуға ниет білдірді. Сайлауға дайындық кезінде Экопартия платформасы қаралды.
«Біз болашақ үшін жауаптымыз» ұранымен сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты — елімізде экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және табиғи ресурстардан тиімді пайдалану, жасыл өркениет қағдаттарын экономиканың барлық салаларына кең енгізу арқылы халқымыз бен болашақ ұрпақ үшін лайықты тұрмыстық жағдай жасау, сондай-ақ әлауқатты да бейбіт қоғамды құру болып табылады.