Кандидат алдымен Хавас қаласындағы Хавас темір жолдары мәдениет сарайында ұйымдастырылған «Алтын күз», «Жас табиғаттанушылар», «Экологиялық таза өнімдер» көрмелерімен танысты. Кездесуге облыстық, аудандық және қалалық партия ұйымдарының төрағалары, депутаттар, партия белсенділері, БАҚ және қоғам қайраткерлері қатысуда.
Жиында кандидаттың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы туралы толық ақпарат берілді.
Кандидат сайлауалды бағдарламасында «Жасыл даму - өркендеудің негізі!» ұранымен жасыл экономиканы дамыту идеясын алға тартады.
— Әлемнің ең озық елдері «жасыл» экономикаға көшуді бастады, — деді Нарзулло Обломуродов. — Өйткені қазіргі әлемнің бүгінгі көрінісі, тіктеп болмайтын экологиялық апаттар мен қоршаған ортаға әкелген зияндар міне осыны көрсетуде. Өзбекстан «2019 жылы жасыл экономикаға көшу стратегиясын» қабылдады. Талдаулардың көрсетуінше, республикада көміртекті тұтынуды күрт төмендету бойынша қабылданған шаралар, экономиканың барлық салаларына экологиялық таза және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу жеткіліксіз.
Партия бұл идеяны жүзеге асыруда басымдықтарды белгілеп алған.
Атап айтқанда, мемлекет бюджеті, банк және қаржы институттары, жекеменшік сектор қаржыларын экологиялық таза, энергия үнемдейтін жобаларды іске асыруға бағытталған “жасыл” қаржыландыру жүйесін дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ салалар мен өңірлердің «жасыл экономикаға көшу индексін» әзірлеу, ел экономикасындағы «жасыл» экономиканың үлесін 30%-ға дейін жеткізу, осының негізінде жылдық экономикалық өсімді 7%-дан жоғары қамтамасыз ету, қайта жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне көшу баламалы энергия өндірушілер экономикалық және қаржылық ынталандырудың кең жүйесін енгізу сияқты жобалар алға тартылуда.
Осы негізде кандидат мемлекет тарапынан «жасыл» жұмыс орындарын құруға, экономиканың әр түрлі салалары үшін заманауи білікті кадрларды дайындауға қолдау көрсетуі керек деп есептейді.
Өзбекстан Республикасы Экологиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нарзулло Обломуродовтың сырдариялық сайлаушылармен кездесуі жалғастырылуда.