Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін жақсарту бойынша бағдарламалық міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттің барлық күш –мүмкіндігін адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды болған орталықтандырылған ауызсу жұмылдыру арқылы халықтың сумен қамтылуы 90 пайызға жеткізіледі.
Су пайдаланушылар мен оны тұтынушылардың суды пайдалану мәдениетін жақсартуға және өскелең ұрпақты суды үнемділік қатынаста тәрбиелеуге ерекше назар аударылатын болады.
Қолданыстағы су объектілерін қорғауға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су әуіздерін қорғау аймақтарын реттеуге, сондай -ақ су тасқыны мен сел көшкіні кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға баса назар аударылады.
Адамзат үшін ең маңызды атмосфера ауасын қорғау, оның сапа көрсеткіштерін экологиялық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету стратегиялық мақсат болып қала береді. Сондай-ақ, жер ресурстары халықтың әл -ауқаты, республиканың экономикалық әлеуеті үшін материалдық игілік болып табылады және оны барлық жағдайда ұтымды және тиімді пайдалануды ұйымдастыру елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды фактор болады.
Жыл сайын миллиондаған тонна қалдықтар жер үсті мен жер асты суларын, ауа мен топырақты ластайды. Ал бұл қатерлі ісік ауруының көбеюіне, ауызсу сапасының нашарлауына, жүздеген гектар егістік жерлердің пайдаланудан шығарылуына әкеледі. Өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы экологиялық тазалықты қамтамасыз ету - өзекті мәселелерден екенін айтылды. Жаһандық даму жағдайында қалдықтар мәселелерін тиімді шешу үшін тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 40%-ға дейін, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 20%-ға дейін ұлғайтылады.