Жалпы алаңы 155 гектарға тең аталмыш саябақтың құрылысы 2017 жылда басталған болатын, жалпы жобаның құны 130 миллион долларды құрайды. Қазірге дейін бұл орында демалушылар үшін қажетті жағдайлар жасалып, түрлі аттракцион ойындары, сәндік ағаштар мен көшеттер егіліп, таза экологиялық ортаға айналдырылды. Сонымен бірге ғажайып аллея Наманганда туризм әлеуетін жетілдірумен қатар облысқа саяхатшылар ағымын көбейтуге де қызмет етуде.
Ең маңыздысы, “Аңыздар өлкесі” бағының көркем көрініске бай болып, қаланың микроклиматы үшін де маңызы зор.
Президенттікке кандидат Нарзулло Обломуродов бақтағы жүзеге асырылған істермен танысып, Экопартия тарапынан ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына қатысты. “Жасылдар” тарапынан саябақ аумағына мәуелі және сәндік ағаш көшеттері егілді.