Қалай шағын кәсіпкерлікті қолдап-қуаттау бағдарламасының мүшесі болуға болады

    Бизнес 24 Yanvar 2024 1788

    Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 20 январындағы 37-санды қаулысымен Шағын кәсіпкерлікті үздіксіз қолдап -қуаттаудың кешенді бағдарламасының бастамашыларын таңдау, олардың жобаларын қолдап-қуаттау және қаржыландыру тәртібі туралы Ереже бекітілді.

    Өзбекстан Республикасы Президентинин 2023 жылғы 14 сентябрьдегі ПҚ-306-санды «Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қаржылық және институционалдық қолдап-қуаттау іс-шаралары туралы» қаулысына сәйкес, Шағын кәсiпкерлiктi үздіксіз қолдап-қаттаудың кешендi бағдарламасын жүзеге асыру көзделедi.

    Кәсіпкерлікті дамыту банкі бағдарламасын тиімді жүзеге асыру және тұрақты түрде жетілдіруде негізгі тірек банкі белгіленді.

    Шағын кәсіпкерлікті үздіксіз қолдаудың кешенді бағдарламасының бастамашыларын таңдау, олардың жобаларын қолдап-қаттау және қаржыландыру тәртібі туралы Ережеде төмендегілер көзделген:

    - бағдарламаға қатысушыларды таңдап алу тәртібі;

    - «Шағын кәсіпкерлікке көмек көрсету орталықтарымен» тіркеуден өту үдерісін ұйымдастыру;

    - қаржы құралдарын пайдалану бағыты мен тәртібі;

    - кәсіпкерлерге консультациялық қызмет көрсету тәртібі.

    Шағын бизнеске көмек көрсету орталықтарына онлайн-өтінім беру арқылы келесілер бағдарламаға қатысуға құқылы:

    - кемiнде бiр жыл жұмыс iстеген жеке тәртіптегі кәсiпкерлер, диқан шаруашылықтары, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған тұлғалар, қолөнершiлер, үйде тапсырыспен жұмыс істеу, беймемлекеттік білім ұйымдары және үш және одан да көп адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi;

    - отбасылық кәсіпкерлік бағдарламалары шеңберінде өз бизнес жобаларын сәтті жүзеге асырған және жеңілдетілген несие тарихы бар заңды және жеке тұлғалар.

    Орталықтар таңдап алынған бастамашылар қысқа және орта мерзімді практикалық оқу курстарында іскерлік дағдыларды қалыптастыру бағытында оқытылады. Курстарды аяқтап, сертификат алғаннан кейін олар Бағдарлама аясындағы қолдап-қуаттау механизмдерінен пайдаланады.

    Бағдарламаға қатысып жатқан шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық және консультативтік қолдап-қуаттау бойынша келесі іс-шаралар белгіленді:

    - кәсiпкерлiк қызметтi құру немесе кеңейту үшiн 7 жыл мерзiмге 1,5 миллиард сумға дейiн жеңiлдiк несиелер алу;

    - құны 1,5 миллиард сумға дейінгі негізгі құралдарды 7 жылға дейін бөліп төлеу шартымен қарыз беру;

    - бос тұрған мемлекеттік нысандары мен жер учаскелері, құрал-жабдықтар, ғимараттар мен кешендер және тағы басқа түрдегі материалдық құндылықтардың түріндегі үлес кіріту;

    - лицензиялар, рұқсатнамалар мен сертификаттар, кедендік және салықтық әкімшілігі, экспорт-импорт операциялары және келісім-шартты ресімдеу бойынша ақпарат пен кеңес алу.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 22 январында күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates