Қашқадарияда «Ethno and modern fashion week» халықаралық фестивалі өтті

    Мәдениет 14 May 2023 2088

    Ағымдағы жылдың 11-13 май күндері Қашқадария облысы бойынша «Ethno and modern fashion week» халықаралық фестивалі және этноспорттық ойындар, гастрономиялық фестиваль, этно және заманауи киімдердің халықаралық байқауы, ұлттық қолөнер және зергерлік бұйымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Шара Мәдениет және туризм министрлігі Қашқадария облыстық әкімдігі мен «Узтуқимачиликсаноат» бірлестігімен бірге жүзеге асырылды.

    Мұндай фестивальдердің Шахрисабзде өтуі тегін емес, ол өзінің бай тарихы мен көптеген мәдени мұра нысандарымен Тимуридтер елі саналады.

    Шараның мақсаты – Қашқадария облысына шетелдік және жергілікті саяхатшылар ағынын арттыру, этнотуризм, гастротуризм және мәдени туризмді дамыту және Өзбекстанның туристік әлеуетін одан әрі нығайту.

    «Ethno and modern fashion week» халықаралық фестиваліне англиялық белгілі дизайнер «Omar Mansoor» брендінің негізін қалаушы Омар Мансур Шейх, «Ladychic Paris» брендінің негізін қалаушы француздық Лопес Артега, креативті дизайнер және “X8” брендінің негізін қалаушы кореялық Ли Вонкванг, сондай-ақ Малайзия, Қытай , Моңғолия, Ресей, Қазақстан сияқты елдерден сән және дизайн өкілдері қатысты.

    Шарада сөз сөйлеген “Omar Mansoor” брендінің негізін қалаушы Омар Мансур Шейх: «Өзбек ұлттық киімдері, олардың дайындалуының талғам мен жарқындығы мені қатты таңғалдырды, өз коллекциям үшін өзбек маталарынан жаңа шығармашылық үлгілерді жасау идеясы пайда болды. Бұл жерде өзбек дизайнерлерімен пікір алмастым. Оларға өзбек сәнін әлемдік подиумдарға шығару жұмыстарына көмектескіміз келеді. Осыған байланысты жақсы жаңалықтар жасай аламыз деп үміттенемін», - деді ол.

    Бағдарлама аясында «Ұлттық және заманалық сән: теория, практика және тәжірибе» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, сән көрсетілімі, Яккабоғ ауданында этноспорттық жарыстар, ұлттық тағамдардың көрсетілімі, жергілікті қолөнер бұйымдарының көрмесі, «Әмір Темір әскери оқу-жаттығуларында» атты театрландырылған сахна көріністері, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

    Сондай-ақ, Шахрисабз қаласының тарихи көрікті жерлеріне саяхаттар ұйымдастырылды.

    Осындай үдерістерге қатысқан Ташкент тоқымашылық және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ Камолиддин Бехзод атындағы ұлттық бейнелеу және дизайн институттарының студенттері практикалық тәжірибелерге ие болды, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.

    Шаралар барысында жергілікті және шетелдік БАҚ үшін пресс-тур ұйымдастырылып, қалың жұртшылыққа Қашқадарияның бірегей туристік бағыттары туралы медиа контенттер дайындалды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates